Ұйымдастыру кезеңі: оқушы зейінін шоғырландыру.
Ширату жаттығуы:"Қазына іздеу жолында"әдісі бойынша сабақ тақырыбына қатысты ақпараттар жасырылады. Оқушылар жасырылған ақпараттарды табуы керек. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, тақырыпқа қатысы жоқ ақпарат қосып, оқушылардан оларға қажетті және қажет емес ақпаратты ажырату сұралады..
Оқушыларға берілетін ақпараттар:
1. Екі санның бөліндісі сол сандардың қатынасы деп аталады.
2. Бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын табу екі санның проценттік қатынасын табу деп аталады.
3. Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады.
4. Жиынды құрайтын объектілер немесе денелер жиын элементтері деп аталады.
5. Проценттерге берілген есептерді пропорцияның көмегімен шығаруға болады.
6. Шамалар тура немесе кері пропорционал болуы мүмкін.
7. Кейбір шамалардың мәндері қарама-қарсы екі бағытта өзгереді.
Осы ақпараттардың қажеттілерін таңдау арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.
|