Сабақ №1 1 Көз алмасының пішіні және оның мәні?


) Қарашықтың жарқыраған жарықтан тарылып,ал қараңғыда ұлғаю құбылысы?



бет2/3
Дата15.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#123797
түріСабақ
1   2   3
3) Қарашықтың жарқыраған жарықтан тарылып,ал қараңғыда ұлғаю құбылысы?
Нұрлы қабық жарықты көруді реттеп, фотоаппарат диафрагмасы тәрізді әсер етеді, яғни қарашықтың кішіреюі немесе үлкеюі арқылы ішке көбірек немесе азырақ жарық жібереді. Қатты жарық болса, қарашық кішірейеді, әлсіз жарықта ол ұлғаяды. Нұрлы қабықтың ішкі бетінде торлы қабыққа тиесілі пигмент қабаты болады. Бұл қабат экран тәрізді жарықты тек қарашық арқылы ғана өткізеді. Нұрлы қабықтың ұлпасының өзінде пигмент түйіршіктері болады, көздің түсі соған байланысты. Пигменттер неғұрлым аз болған сайын, көз соғұрлым ашық түсті болады. Пигменттің мүлдем болмауы альбинизм деп аталады.


Талқылауға арналған сұрақтар:
1.«Көздің құрылысы» атты суретті дәптерге салып, бөліктерін белгілендер ( қас, қабақ, ақ қабықша, нұрлы қабықша, көз қарашығы)
Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі – көз; есту мүшесі – құлақ; иіс сезу мүшесі – мұрын; сипап сезу мүшесі – тері; дәм сезу мүшесі – тіл. Сезім мүшелері қоршаған ортаның белгілі бір тітіркендіргіштерін ғана қабылдайды. Мысалы, құлақ – тек дыбысты, көз – тек жарықты және т. б.
Анализатор. Анализаторда 3 бөлік болады: 1) тітіркендіруді қабылдайтын шеткі бөлігі – рецепторлық; 2) қозуды (тірі жасушалардың тітіркенуге жауабы) рецептордан орталық жүйке жүйесіне өткізетін – өткізгіш бөлігі; 3) ми қыртысында қозуды талдайтын – орталық бөлігі. Сонымен анализатордың бөліктері – шеткі, өткізгіш, орталық деп аталады. Анализаторлардың барлық бөлігі бір-бірімен тығыз байланысты. Егер анализатордың бір бөлігі зақымданса басқа бөліктеріне әсер етіп, тітіркенуді ажырату қабілеті жоғалады (жойылады).
Көздің құрылысы.Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпараттардың 80–90% астамын көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша аппараттардан тұрады. Көз алмасы 3 түрлі қабықшадан тұратын шар тәрізді мүше.

Көздің құрылысы: а) көздің құрылысы және қосымша аппараттары: 1 – қас; 2 – қабақ; 3 – ақ қабықша; 4 – нұрлы қабықша; 5 – көз қарашығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет