Сабақ №1 Лексикалық тақырып. Әулет дәстүрі. Отбасы құндылықтары. Грамматикалық тақырып. Бұрынғы өткен шақ



бет1/3
Дата24.09.2024
өлшемі19,17 Kb.
#145373
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
нұсқаулық 24-25


Тәжірибелік сабақ №1
1.Лексикалық тақырып. Әулет дәстүрі. Отбасы құндылықтары. 2.Грамматикалық тақырып. Бұрынғы өткен шақ.

Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы. Oтан – отбасынан басталады,себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп, бойжетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттерінің белгілері отбасында қалыптасады. Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, ұлттық құндылыққа баулиды.


Отбасы — барлық рөлдері бөлініп қойылған қоғамның шағын моделі, демек, отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады.
Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, т.б. ұлттық құндылықтар аясында кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру. Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт. Яғни ол өзінің өсу, есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де үйлесім таба білуі тиіс. Сонда ғана тұлға бойында ұлттық рухани қасиеттер бірте-бірте қалыптасары сөзсіз. Тұлға бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудың көзі, отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мемлекет болса, ұлттық құндылық, ұлттық салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық салт-дәстүр, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтың жоғары көрсеткіші.
Ал ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән, адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі: Біріншісі – тілі, екіншісі – діні, үшіншісі – дәстүрі, төртіншісі – тарихы, бесінші – атамекені.

1 тапсырма. Мәтіннің мазмұнына қарай бірнеше сұрақтар қойып, дәптерге жазыңыздар.


2 тапсырма. Мәтіннен кілт сөздерді табыңыздар және мәтінге тақырып қойыңыздар.
3 тапсырма. Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер, сөз тіркесін құрастырыңыздар.
Oтбaсы, отан, бала тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, әулет, әлеуметтік орта.
4 тапсырма.  Пікірді жалғастырыңыз.
Қазақ халқы - бағзы заманнан бері қарай жеке отбасы әулетін, үлкен қара шаңырағын таза сақтау үшін, қандастық қалпын бұзбау, тегін, генін өзгертпеу, басқа жат ұлттар мен ұлыстарға сіңіп, кіргіп кетпеу үшін "Жеті ата" дәстүрін ұстанған халық. Арысын айтсақ, сонау ғұн, сақ, алан, үйсін, көк түрік замандарынан бастау алып, берісі әлі күнге дейін үрдісін үзбей, қалпын бұзбай сақтап келе жатыр.


5 тапсырма. Өлеңнің мәнін түсініп, жаттап алыңыздар.


Начало формы
Конец формы
 Адамзаттың әулетіміз – бәріміз
Адамзаттың әулетіміз – бәріміз,
Жер – кемеде бірге біздің жанымыз.
Адам ата, Хауа анадан таралған
Әуел баста нәсіліміз, қанымыз.
Адамзаттың әулетіміз біріміз,
Туу, өлу – ортақ біздің заңымыз.
Бөлек біздің тілегіміз, тіліміз,
Жүрегіміз, түсі бірдей қанымыз.
Адамзаттың әулетіміз бәріміз,
Сол әулетке жалғасамыз әлі біз.
Бірдей біздің шығатұғын жанымыз.
Біз бірдейміз, біз біргеміз, о, ғажап!
Бізге бақыт, бізге рахат, тән азап.
Бірдей еткен Табиғат қой, анамыз,
Анамызды етпейікші, зәрезап!
Кеңшілік Мырзабеков.


6 тапсырма. Мақал-мәтелдерді жалғастыр.
Әдепті бала ата - анасын мақтатар, ...................................................................
Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без, ......................................................................
Қарағайға қарап тал өсер, ...................................................................................
Үйінде ұлы- қызы бардың, .................................................................................
Ана сүтін ақтамағанды, ......................................................................................
Жығылып жатып, ................................................................................................
Күлме досыңа,.....................................................................................................
Әдепті бала арлы бала, .......................................................................................
Ауру қалса да, ......................................................................................................
Ұяда нені көрсең, ...............................................................................................


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет