Мақалдардың жалғасы: әдет қалмайды, сүрінгенге күлме, қатарына қарап бала өсер, әдепсіз бала – сорлы бала, ешкім жақтамайды, ұшқанда соны ілерсің, келер басыңа, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без, көгінде сөнбес жұлдызы бар.
7-тапсырма. Төмендегі қасиеттер мен олардың сипаттамасын сәйкестендіріңіз.
Адам бойындағы қасиеттер
|
Олардың анықтамасы
|
Сабырлылық
|
Ешкімнің ақысын жемеу, шындықты айту
|
Қайырымдылық
|
Үлкендерді сыйлау, кішіге ізет көрсету
|
Имандылық
|
Айналадағы адамдарға жақсылық жасау
|
Әділдік
|
Барлық адамдарға жанашыр болу
|
Сыпайылық
|
Өткен өкпенің бәрін ұмыту, кек сақтамау
|
Кешірімділік
|
Бостан-босқа ашуланбау, ұстамдылық таныту
|
Мейірімділік
|
Барлық адамға сыйластықпен қарау
|
Грамматикалық тақырып. Бұрынғы өткен шақ
Өткен шақ – іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі.
Өткен шақ 3 топқа бөлінеді:
1)Жедел өткен шақ -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: келдім, таптыңдар.
2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің -ған, -ген, айғақсыз түрі көсемшенің -п, -ып, -іп тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: барған, айтқан, барыпты.
3)Ауыспалы өткен шақ – іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің -атын, -етін, -йтін формалары арқылы жасалады. Мысалы, тыңдайтынбыз, көретінсіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |