Сабақ №1 Мектеп: Қ. Ахмедияров атындағы орта мектебі Күні



бет1/2
Дата20.01.2023
өлшемі64,13 Kb.
#62078
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
1 сабақ


Сабақ №1

Мектеп: Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебі

Күні:1.09.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Кожиева Гаухар

Сынып: 5 «б»

Сабақтың тақырыбы

Натурал сандар және нөл.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.1.1 натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;
5.1.1.2 тақ және жұп сандар ұғымдарын меңгеру;

Сабақтың мақсаты:

- натурал сан, жұп және тақ натурал сандар ұғымдарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
5минут

Ұйымдастыру сәті
Амандасу. «Адасқан цифрлар» ойыны
Мұғалім 2,4,6,8,10 цифрлары жазылған карточканы тақтаға іледі.

Оқушы қалып қойған цифрларды тауып жазады




Психологиялық ахуал.



Негізгі бөлім Тақырыпты ашу
10 минут

Жаңа мәліметті түсіну
«Түртіп ал» әдісі
Натурал сандар — мектептің математика курсында меңгеретін сандардың бірінші түрі.
Анықтама.
Натурал сандар— бұл заттарды санауда қолданылатын сандар.
Бірінші натурал сандар: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11 және т.б.
Барлық натурал сандар натурал сандардың жиынтығын білдіреді. Натурал сандардың жиынтығы N белгіленеді.
Ең аз натурал сан — бір. Ең көп натурал сан болмайды. Жалғасымды натурал сандар шексіз көп.
Нөл натурал санға жатпайды.
Натурал сандардың жиынтығы шексіз.
Натурал сандарды ретімен нөмірлеуге болады, бірақ әрбір натурал санның соңында өзінен үлкен сан тұрады.
Ширату тапсырмасы.
«Миға шабуыл» тәсілі арқылы жаңа сабаққа байланысты сұрақтар
1) Қандай сандар натурал деп аталады?
2) Қандай натурал сандар аз болып табылады?
3) Натурал сандар қандай жиынтықты құрайды? Ол қалай белгіленеді?
4) Натурал сандардың жалпы саны қанша?
5) Заттарды санау қай саннан басталады
6) Нөл саны натурал сан бола ма?
7) Ең үлкен санды атауға бола ма?

«Түртіп ал» әдісі арқылы жаңа мәліметпен өз бетінше оқып танысады.

Дескриптор:
Білімалушы

  1. Натурал сан туралы меңгерді;

  2. Натурал санның белгіленуі және жазу үлгісін меңгереді







Оқулықпен жұмыс
25минут



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет