Жаңа тақырыпты түсіндіру Мұғалім: Біздің айналамыздағы барлық процесстер мен іс-әрекеттер заңдылықтар мен формулалардың көмегімен сипатталады. Физикалық процесстердің математикалық модельдер арқылы сипатталатынын да білеміз. Қалай ойлайсыздар біркелкі өозғалысты басқаша қалай сипаттауға болады?
Күтілетін жауаптар: сурет, сызба, видеоролик, анимация.
Мұғалім: Дұрыс айтасыздар, анимация және видеоның көмегімен біз объект қозғалысының процесін көре аламыз. Ал компьютердің көмегімен біз видеоны да, анимацияны да жасай аламыз. Егер де біздің қалаға космостан қарасақ нені көре аламыз? Егер біз өткенге қайта оралсақ, бұл жерде бәлкім өзеннен басқа ештеңе көрмеуіміз де мүмкін. Үш өлшемді модельдеудің көмегімен біз қаламыздың өзгеру процесін көре аламыз, яғни кез келген оқиғаны.