Қолайлы, жағымды орта құру үшін. «Қошемет жаса». Оқушылар шеңбер құрып турады және сағат тілі бойынша бір-біріне қошемет жасайды. Ойын шарты: сол жақтағы көршісінің атын атау, қолынан ұстап, қошемет көрсету.
Мақсатты тұжырымдау. Объектілер мен оқиғалардың модельдерін 3D редакторда құру.
Сабақ соңында, біз 3D редакторда жұмыс істей аламыз және үшөлшемді объектілірді құрамыз
Білімді жаңғырту. - Моделдеу дегеніміз не?
- Қандай жағдайда 3D-редакторы қолданады?
- 3D-моделдеу үшін қандай бағдарламаларды білесіз?
- SketchUp бағдарламасы не үшін арналған?
- SketchUp-тің негізгі құрал-саймандарын ата .
Сабақ ортасы
Примитивтер дегеніміз не?
Графикалық примитив дегеніміз -векторлық суреттерді құрайтын ең кіші графикалық объектер. Мысалға: түзулер және бағыттауыш тілшелер; тіктөртбұрыштар; шеңберлер, эллипстар, доғалар, сегменттер және секторлар; кисықтар; біріктіруші түзулер және т.б.
Қандай 3D примитивтерді білесіз және оларды атаңыз?
Төбе -бұл үшөлшемді жүйедегі X, Y, Z координатасы бар нүкте Қыр, немесе қабырға – дегеніміз екі төбені қосатын кесінді. Үшөлшемді графикада қырды полигондардың шектеуші деп атайды. Текстура –дегенімізүшөлшемді фигураның бетін қаптайтын сурет. Полигон – дегеніміз үшөлшемді фигураны құрайтын жазық көпбұрыштардың жиыны. SketchUp редакторымен жұмыс.