Сабақ 1 Мектеп: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы



бет79/85
Дата03.10.2023
өлшемі23,63 Mb.
#112786
түріСабақ
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85
Байланысты:
8 сын Инфор КМЖ толық

Адамдық факторды ескеру. Егер бағдарлама жұмыс істеу процесін қолдау кезінде қолданушы тарапынан артық уақыт пен күш жұмсауды қажет етпесе, онда ол адамдық факторды ескереді. Ондай бағдарламада:
- қолданушының сұрауы бойынша негізгі және аралық нәтижелерді беруді ойластырады;
- қатенің бар екендігі туралы хабар береді;
- барлық берілетін нәтижелер сипаттамамен қамтамасызданады.
Мобильділік.Егер бағдарлама машинаға тәуелсіз болса, онда ол бағдарлама мобильді деп аталады. Ондай бағдарламада:
- белгілі бір ЭЕМ ерекшеліктерін пайдаланатын блоктар бағдарламаның жеке бөліміне бөлінген;
- Әртүрлі ЭЕМ-да қолданылатын бағдарламалау тілі қолданылған.
Модификациялау мүмкіндігі.Бағдарлама өзгертулер мен кеңейтулер енгізу мүмкіндігін алдын-ала ойластыру керек. Бағдарламаның кеңейтілуі деп қажет болған кезінде модульдер санын немесе жеке модульдер қызметтерін модификациялау мүмкіндігін айтамыз.
Бағдарламалау стилі
Бағдарламалаушы жазған бағдарлама біріншіден, оның өзіне емес, қолданушыға арналған. Егер жобамен бағдарламалаушылар тобы жұмыс істесе, онда бағдарлама мәтіні алдымен, онымен жұмыс істейтін адамдарға арналған. Сондықтан, жұмыс тиімді болу үшін бағдарламаны оқу жеңіл, құрылымы шешілетін мәселе алгоритміне сәйкес болу керек. Ол үшін бағдарламалаудың жақсы стилінің тәртібіне сүйену керек. Бағдарламалау стилі — бұл өз жұмысыңыздың кезінде ұстануға тиіс ережелер жинағы. Бағдарламалаудың жақсы стилі мынандай:
- түсініктемелер қолдану;
- мағыналық мәні бар айнымалыларды, процедуралар мен функцияларды қолдану;
- шегіністер мен бос жолдарды қолдану;
- жеке бөлімдерді көрсету үшін жұлдызшалар қатарын қолдану;
- түсініктемелер мен спецификациялар форматтарын барлық модульдерде келістіру.
Бағдарламалаудың жақсы стилінің ережелеріне сүйену мәтінді енгізу кезінде қателер жіберу ықтималдығын төмендетеді, бағдарламаны оқу жеңілдейді, яғни түзету және өзгертулер енгізу процесі де жеңілдейді. Жақсы бағдарлама алдымен сенімді және қолданушыға қатысты достық болу тиіс.
Сенімділік деп бағдарламаның барлық енгізілетін деректерді тексеріп, қандай да бір себеппен орындалмай қалатын операциялардың орындалуын бақылауын айтады, мысалы, дисктер мен файлдар үшін орындалатын операциялар. Достық деп жақсы жобаланған диалогтық терезелер, анықтамалық жүйенің болуы, қолданушының интуитивтік дәрежеде түсінікті әрекеттерін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет