Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Сабақ: №9
|
Мектеп:
|
Пәні: информатика
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Контурды жасау және редакциялау
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаты
|
басқа нысандардың арнайы құралдарын пайдаланып, контур жасап үйрену
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:.
|
басқа нысандардың арнайы құралдарын пайдаланып, контур жасап үйренеді
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
контурды анықтауды, қарындаш, қалам, каллиграфиялық қалам құралдарының көмегімен контур кезеңдерін салуды орындайды
|
Кейбір оқушылар:
|
қарындаш, қалам, каллиграфиялық қаламды пайдаланып, фигуралардан контур жасауды, ерекшелеуді, түйін құралының көмегімен түйіндерді редакциялау, контурлық әсерлерді қолданады
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Контур- құйып бояу мен жиектеу параметріне ие қисық сызықтардың тізбектелуі.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
контур, қарындаш, қаламұш, каллиграфикалық қаламұш
|
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:
1.Контур дегеніміз не?
2.Контур мәзірін зерттеп, әрбір бұйрығының қызметін атаңдар
3.Қарындаш құралымен салынған контурдың қандай ерекшеліктері бар?
4.Қаламұш құралының көмегімен түзу сызықтар жасау алгортимін құрастырңдар
5.Қаламұш құралының көмегімен қисық салған кезде түйіндердің тетігі қандай рол атқарады?
6.Қисықты қалай редакциялауға болады?
7.Каллиграфиялық қаламұш құралының Қаламұш құралынан қандай ерекшелігі бар?
8.Контурдағы түйіндер санын қалай азайтуға болады?
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
Контурды қалай ажыратуға болады?
Қандай бұйрықтар контурларды біріктіруге мүмкіндік береді?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
контур, қарындаш, қаламұш, каллиграфикалық қаламұш сөзінің үш тілде аталуын білу
|
Алдыңғы тақырып
|
Inkcape векторлық графикасының редакторы
|
Жоспар
|
Жоспарлаған
уақыт
|
Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі
жоспарланған жаттығулармен қатар
ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
5 мин
Өткенді қайталау
5 минут
|
Шаттық шеңберін құру
«өрмекші торы» әдісі
АКТ-да деңгейлік тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындау.
Жаңа тақырыпты қорытындылау.
Ұйымдастыру.
«Ыстық алақан» тренингін (бір-бірінің қолдарын ұстап оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып лебіздерін білдіру) ұйымдастыру
Сурет қиындылары арқылы 2 топқа бөлемін
Өткен тақырыпты «Өрмекші торы» әдісі арқылы қайталау
|
Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері
|
Ортасы
15 минут
Практикалық жұмыс
10 минут
|
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
« Контурды жасау және редакциялау»
Жаңа тақырыпты «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырмалар беріледі.
1-топ:контурды жасау және редакциялау
2-топ: ерекшелеп бөлу контурлары
Оқушылар жеке оқиды, жұппен талдайды, топпен талықылайды
Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.
Оқушыларға деңгейлік практикалық тапсырманы орындауға беремін.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
Оқулықтағы 78-79 бет
А деңгейі
Жер шарының суретін салу
В деңгейі
Балық қаңқасын жасаңдар.
С деңгейі
Балық қаңқасын көшірмелеп, мәтін жазыңдар
Оқушылар дәптерге және компьютерге практикалық тапсырманы орындайды.
|
Оқулық,
интерактивті тақта
Оқулық, дәптер, компьютер
|
Сабақты қорытындылау
5 мин
|
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша алған білімдерін «Ортақ тұжырым» әдісі арқылы пысықтау
Топ ішіндегі оқушылар өтілген тақырып бойынша бір мәселені таңдап алып, оны талқылап, ортақ тұжырымды А4 парағына жазады
|
оқулық
|
Аяқталуы
5минут
|
Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау. Топтық жиынтық бағалау.
Үйге тапсырма: §7
«Бағдаршам» әдісі
«қызыл» түс-түсінген жоқпын
«сары»түс- әлі де сұрақтарым бар
«жасыл» түс-барлығы түсікті
Оқушылар бағдаршамға стикерлерді жапсыру арқылы тақырыпты қаншалықты түсінгендерін жазады
|
Жиынтық бағалау парағы
Оқулық,
күнделік
|
|