Сабақ мақсаттары
|
Әр түрлі қимыл-қозғалыстарды, қарапайым жүгіру жаттығуларын орындау, денсаулыққа оң әсер ететін күнделікті жаттығулар кешенін орындаудың маңыздылығын білу, жаттығуларды тиісінше ретімен орындай білу.
|
Бағалау критерийлері
|
Қарапайым әр түрлі жүгіру жаттығуларын орындайды, сауықтыруға пайдасын, денсаулықты жақсартатын, дамытатын жаттығулар кешенін орындай алады және маңыздылығын, пайдасын түсінеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тіл туралы сындарлы ойлауды ынталандыру (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді нақты қолдануға жігерлендіру, оқу тілінде ілгерілеуді бағалау). Мысалы: жүгіру, асықпай баяу жүгіру, жүру, жай жүріс.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ойын барысында өзгелер көзқарасына құрмет және жеке, жұпта, командада жұмыс істеу қабілеті.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Өзін-өзі тану,жас өспірімдер физиологиясы.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.
|
Алдын ала білу керек
|
Оқушыларға осы бөлім бойы шығармашылық таныту, салауатты өмір салтына бағытталған өздерінің, басқа оқушылардың идеяларына қатысу ұсынылады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |