(К) Оқушылар «Нөмірлерді шақыру» ойынын ойнайды.
Оқушылар 2 командаға бөлінеді және жалпы старт сызығына бір-бірлеп колонна бойынша тізіліп тұрады.
Бөлмеде орын көп болса және ойыншылар саны көп болмаса, оларды бір сызыққа беттерін бір жаққа қаратып екі сапқа тұрғызуға болады. Ойыншылар тұрғызылған сызықтан (старт сызығынан) 2 м қашықтықта параллель финиш сызығы сызылады.
Оқушылар әрбір колоннада (топта) тәртіптік нөмірлері бойынша саналады. Мұғалім өз тарапынан кезектестіру арқылы оқушыларды нөмірімен шақырады. Ұтыс ұпайы финишқа бірінші болып жүгіріп келген қатысушылар тобына жазылады.
Көп ұтыс ұпай санын иеленген топ жеңеді.
(К) Оқушылар «Шырша бүршіктері, емен жаңғақтары, жаңғақтар» ойынын ойнайды.
Ойыншылар ортасында жүргізушісі бар шеңберді құрайды, ал қалғандары үшке бөлініп, бір-біріне беттерімен қарап ортаға тұрады (бірінші нөмір — жүргізушіден үш-төрт қадамда). Мұғалім барлық ойыншыларға атауларды береді: бірінші үштік «шырша бүршіктері», екіншісі «емен жаңғақтары», үшіншісі «жаңғақтар».
Белгі бойынша жүргізуші дауыстап атауларын атай бастайды, мысалы: «Жаңғақтар». «Жаңғақ» деп аталған барлық ойыншылар орындарын ауыстырулары қажет, ал жүргізуші бос қалған орынға жүгіреді. Егер бұл ойы жүзеге асса, онда орынсыз қалған ойыншы жүргізушіге айналады. Егер жүргізуші «Емен жаңғақтары» десе, үштікте тұрғандар екінші болып, «Шырша бүршіктері» десе, үштікте тұрғандар бірінші болып ауысады. Ойын меңгерілгеннен соң, жүргізушіге үштіктен екі немесе тіпті үш ойыншыны шақыруға болады, мысалы: «емен жаңғақтары, жаңғақтар». Шақырылғандар да орындарын ауыстырады.
Бірде-бір рет жүргізуші болмаған ойыншылар жеңіске жетеді.
|