Масштабтар. Тетікбөлшектің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен не кіші екенін көрсететін санды масштаб деп атайды.
Масштаб дегеніміз – нәрсенің сызбадағы үзындығының оның дәл ұзындығына қатынасы, масштаб таңдау сызбаның кескініне, күрделігіне және заттың өлшеміне байланысты.
МЕСТ 2.302-68* масштаб қатарын, оның барлық сызбалардағы белгілеуін береді (1.1.2-кесте).
1.1.2-кесте – МЕСТ2.302-68
Сызбаның негізгі жазбасы осы көрсетілген масштабта мынадай 1:1; 1:2; 2:1; т.б. қатынаста анықталуы керек, ал басқа жағдайда (1:1); (1:2); (2:1); т.б.
Сызбада бейнеленген заттың қолданылған масштабқа байланысты негізгі өлшемі алынады.
Сызықтар. 1.1.3-кестеде МЕСТ 2.303-68* көрсетілген, сызбада жиі кездесетін сызықтар.
1.1.3-кесте – Сызықтардың аттары және түрлері
Сызық аттары
Сызылуы
Жуандығы
Тапсырманы орындауға берілетін ұсыныс (қарындашпен)
Негізгі сызықтың жуандығы S кескінің қиындығы мен көлеміне тәуелді және форматына байланысты болады. Таңдап алынған масштабта сызбаның барлық түрінде жуандығы сақталды. Қарындашпен сызылған сызбада жіңішке сызық МЕСТ ұсынған 0.3 мм-ге тең.
Үзілме сызық және жіңішке нүктелі үзілме сызық үзіктеу кезінде бірдей ұзындықта болады және арақашықтығы тең. Нүктелі үзілме сызықтарда ұзын үзілме сызық арасына үзілме сызық пен нүктелі үзілме сызық киылысқанда және аякталғанда үзілме сызықпен аяқталу керек.
Қима мен тілікті орындауда, үзік сызық сызбада қиюшы жазықтықты көрсетеді.
Бастапкы және соңғы үзілме сызықтарға бағытын көрсететін бағдарша койылады. Бағдарша үзілме сызықтың соңынан 2-3 мм қашықтыкта қойылуы тиіс.
Күрделі тіліктер мен қималарда үзік сызықтардың соңын жіңішке нүктелі үзілме сызықпен байланыстыруға болады .
Сызықтардың түрлерін қолдану 1.1.4-ші суретте көрсетілген.
1.1.4-сурет – Сызықтарды қолданудың мысалы
Тұтас жуан негізгі сызық. Бұл сызықтың жуандығын S латын әрпі деп белгіленеді.
0,5мм-1,4мм-ге дейін аралықта алынады. Сызбадағы сызықтардың жуандықтары бірдей болуға тиіс. Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады.
Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Шығару және өлшем cызықтары, проекция және координата осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима мен тілікті сызықтау тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.
Тұтас жіңішке іркісінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығындай болады. Ұзын үзу сызықтың көрсету үшін қолданылады.
Тұтас ирек сызық. Үзу сызықтары үшін және тілікті көріністен болу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз қолмен жүргізіледі.
Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың аралықта, алолардың ара қашықтықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады. Бұл сызықтың жуандығы да тұтас жіңішке сызықтың жуандығындай болады. Үзілме сызық сызбада көрінбейтін сызықтардыкескіндеу үшін қолданылады.
Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Қимада, осьтерде, симметрияда қолданылады.
Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызықтың жуандығынан 1,5-2 есе жіңішке болады. Бұл сызықты қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін де пайдаланады.
Жіңішке қос нүктелі үзілме сызық. Бүгу сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.
Үзік сызық. Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады,
сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы 1...1,5 S -ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен тұрады, бөліктерінің аралығы қимасы немесе тілігі берілетін нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты.