Сабақ №10. Эпигенетика. Адамның эпигенетикалық аурулары Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата23.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#52030
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Г негіздері бір-бірімен CpG мотивте болған жағдайда іске асады. Осы үреріс арқасында 
ДНҚ-ның метилдену моделі репликациялану және жасушаның бөліну кезінде қамтамасыз 
етіледі. DNMT1ферменті CpG мотиві тек бір ғана тізбекеттің метилденгендігін анықтай 


алуға қабілетті. DNMT1 осындай дисбалансты анықтаған жағдайда енді ғана көшірілген 
тізбектегі метилденбеген жерді қалпына келтіреді.
2-сурет. Бұл сызбада ДНҚ-ның метилдену моделі оның репликациялану кезінде қалай 
сақтала алатындығы көрсетілген. Метилдік топ қара нүктемен көрсетілген.
Сонымен, нәтижесінде жаңа түзілген жасуша бастапқы жасушадағы ДНҚ-ның 
метилденген моделін алады. Нәтижесінде бастапқы жасушадағы белсенді емес гендер бұл 
жас жасушалар да белсенді болмайды, сондықтан тері жасушасы әрқашан тері жасушасы 
болып қала береді.
Нейрон жасушаларында болсын, тері жасушаларында болсын түрлі жиынтықтағы гендер 
белсенділігін басу үшін, жасушалардың жеке ерекшелігін сақтау үшін ДНҚ-ның 
метилденуі жүріп отырады. Бұлай болмаған жағдайда, барлық уақытта тек белгілі бір 
гендер ғана, белгілі бір дәрежеде экспрессияланған болар еді. Нәтижесінде бұл нейрон, 
тері жасушаларын емес тек бір типті жасушалары түзуге алып келетін еді. Яғни, екі типті 
жасушалар бір-біріне ұқсамайтын түрлі нәтижелер алу үшін түрлі типті жасушалар 
геномының әртүрлі аймақтарын қамтитын ДНҚ метилденуінің бір механизмін қолданады. 
Жасушалардың жіктелуінде метилдену маңызды орын алады. Метилдену нәтижесінде 
«әмбебап» эмбрион жасушалары мүшелер мен ұлпалардың арнайы жасушаларына 
айналады. Бұлшықет талшықтары, сүйек ұлпалары, жүйке жасушалары- бұлардың бәрі 
геномның нақты бір аймақтарының белсенділігіне байланысты пайда болады. Сонымен 
қатар, метилдену көптеген онкогендердің қызметін, сондай-ақ кейбір вирустарды 
бастырмалайтыны белгілі.
ДНҚ-ның метилденуі барлық эпигенетикалық механизмдер ішінде қолданбалы маңызы 
жоғары. Себебі оның жүруі адамдардың тамақтану ерекшелігіне, эмоционалдық 
жағдайына, мидың белсенділігіне және де басқа да сыртқы орта факторларына 
байланысты болғандығында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет