Сабақ №10. Эпигенетика. Адамның эпигенетикалық аурулары Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар


Неғұрлым ДНҚ жоғары дәрежеде метилденген сайын оның транскрипциясының



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата23.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#52030
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Неғұрлым ДНҚ жоғары дәрежеде метилденген сайын оның транскрипциясының 
өнімділігі төмен екендігі белгілі болды. Басқа сөзбен айтқанда, ДНҚ-ның жоғары 
дәрежеде метилденуі мен репрессияланған гендер санында тікелей байланыс бар екендігі 
анықталды. Көпшілк жағдайда, CpG аралшықтарының метилденуі бастапқыда ген 
белсенділігін басып отырады.
Сонымен қатар, Эдриан Бёрд ДНҚ-ның метилденуі кезінде ол МеСР2 (ағылшынның 
MethylCpGbindingprotein 2 — метил CpG байланысушы ақуыз 2)деп аталатын гендермен 
байланысатындығын 
көрсетті. 
Оның 
қызметі 
ДНҚ-ның 
қандай 
да 
бір 
бөлігіндегімодификацияны жасушаның интерпретациялауына мүмкіндік беру болып 
табылады. МеСР2 геннің промоторындағы 5-метилцитозинмен байланысқанда, белгілі 
бір генді бастырмалайтын басқа ақуыздарды өзіне тартады. Cонымен қатар, ДНҚ-ның 
тарнскрипциялық механизмін геннің промоторымен байланысын тоқтата алады. Бұл өз 
кезегінде РНҚ синтезін тоқтатады. Гендер мен оның промотры орналасқан бөліктер 
қаттаы метилденген, МеСР2 байланысуыүрдісі хромосоманың бұл бөлігі енді ешқашан 
қызмет атқармайтындай болып көрінеді.
ДНҚ керемет мықтап оралып, геннің транскрипция механизмі mRNA 
көшірмелерін жасау үшін нуклеотид жұптарына жете алмайды. 
Бұл не үшін қажет? Егермысалы, 85 жастағы адамның бас миындағы нейрондарды алсақ, 
сексен жылдан астам уақыт аралығында ДНҚ-ның метилденуі нәтижесінде геномның 
кейбір бөліктері қатты оралған күйде болып, нейрондарға нақты бір гендердің жұмысын 
толық басып тастауға мүмкіндік береді. Сондықтан, біздің бас миындағы жасушалар 
ешқашан мысалы, гемоглобинді немесе асқорыту ферменттерін өндірмейді. Немесе жиі 
бөлінетін терінің бағаналы жасушалары басқа типті, мысалы сүйек жасушаларын емес
үнемі тек терінің жаңа жасушаларын түзеді. МеСР2 ақуызынсинтездейтін геннің 
мутациясынанауыр клиникалық бұзылыстарға, ақы-ой кемістігіне, деменсияға алып 
келетін Ретте синдромы дамиды. Олардың жасушалары ДНҚ-ның қалыпты метилдену 
қабілеттілігін сақтағанына қарамастан, эпигенетикалық кодтың бұл бөлігін дұрыс олар 
рашифровка жасай алмайды.
Бірақ, ДНҚ-ның метилденуі бастапқы жасушадан жаңа түзілген жасушаға қалай 
беріледі? Жасушаның репликациялану кезінде ДНҚ-ның метилдену моделі қалайша 
сақталады? 
Механизмі 2-суретте көрсетілген. ДНҚ-ның спиралды қос тізбегі ажырағаннан кезде
олардың әрқайсысы комплементарлық қағида бойынша көшіріледі. Бастапқы ДНҚ 
спиралды қос тізбегі ажырағанан кейін 1-кезең және қос тізбек репликацияланғаннан 
кейін 2-кезеңде жаңа тізбектер ДНК-метилтрансфераза 1 (DNMT1) ферменті арқылы 
«тексеріледі». DNMT1ферменті ДНҚ-ның бір тізбегіндегі қандай да бір бөліктегі 
цитозиннің метилдік тобы жаңа синтезделген тізбекке сәйкес еместігін анықтайды. 
Мұндай жағдайда DNMT1 метил тобын жаңа тізбекке жалғайды (3-кезең). Бұл тек Ц және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет