Сабақ №10. Эпигенетика. Адамның эпигенетикалық аурулары Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата23.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#52030
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
1. 
ДНҚ-ның метилденуі. 
Ең алғаш анықталған эпигенетикалық модификация ДНҚ-ның метилденуі болды. 
Метилдену дегеніміз қандай да бір химиялық қосылысқа, бұл жағдайда ДНҚ-ға метилдік 
топтың қосылуы болып табылады. Метилдік топ тек бір көміртегі атомынан және оған 
қосылған үш сутегі атомынын СН
3
(1-сурет) тұрады. Реакцияны метилтрансфераза 
ферменттері DNMT1,DNMT3А,DNMT3В қамтамасыз етеді. ДНК-метилтрансферазаның 
қысқартылуы DNMT (ағылшынның DNA methyltransferase сөзінен).
Көпшілік жағдайда бұл ферменттер метил топтарын тек цитозинге (Ц) жалғайды, 
оның артынан гуанин (Г) ілеседі. Ц және Г қатарларын CpGдеп белгілеу қабылданған
CpG –бұл ДНҚ-да екі нуклеотидті қосып тұратын фосфатпен бөлінген, цитозин және 
гуанин үшін қысқарту.Мұндай CpG-метилдену эпигенетикалық таңбалану деп те аталатын 
эпигенетикалық модификация болып табылады. Химиялық қосылыс ДНҚ-ға 
қосылғанымен оған тән генетикалық қатарды өзгертпейді.
Рис. 1. Цитозиннің химиялық құрамы және оның эпигенетикалық өзгерген бір түрі 5-
метилцитозин.
ДНҚ-дағы төрт негіздің інішде тек цитозин ғана 5-метилцитозинді түзіп метилденуге 
ұшырайды. Метилденудің мұндай реакциясы біздің жасушаларымызда, сондай-ақ басқа да 
көпшілік ағзаларда мына үш ферменттер DNMT1, DNMT3A немесе DNMT3Bарқылы іске 
асады.
Сүтқоректілердегі метилденудің рөлін анықтау жөніндегі іргелі жұмыстар 
Эдриан Бёрддің зертханасында орындалды.
1985 жылы Эдриан Бёрд Cell журналында іргелі мақала жариялады. Мақалада 
ДНҚ-ның тұтас бойында CpG аймақтарының кездейсоқ таралмағандығын көрсетті. Оның 
орнына, CpG жұптарының басым көпшілігі тікелей нақты гендердің транскрипцияланатын 


промотор аймағынашоғырланған.Промотор дегеніміз мРНҚ түзілу үшін ДНҚ-дан 
ақпараттың көшірілуі үшін ДНҚ-ның транскрипциялық кешені байланысатын геномның 
бөлігі. CpG аймақтары көп ДНҚ-ның бөліктері аралшықтар немесе CpG мотивтер деп 
аталады. Шамамен,ақуыздарды кодттайтын 60% гендердің промоторлары CpG 
аралшықтарында орналасқан. Бұл гендер белсенді кезде, CpG аралшықтарында метилдену 
деңгейлері төмен болады. CpG аралшықтары бұл гендер репрессияланған жағдайда ғана 
жоғары деңгейде метилденіп тұрады. Түрлі жасушалар типтері, түрлі гендерді 
экспрессиялайды. Сондықтан, CpG аралшықтарындағы метилдену моделі түрлі 
жасушалар типінде түрліше болуы таңғалатын жағдай емес. ДНҚ-ның метилдену 
деңгеиіне оның қаншалықты транскрипцияланатыны байланысты екендігі дәлелденді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет