Сабақ №11 Тақырыбы: Жүгері өсімдігінің құрылысы


Морфологиялық ерекшеліктері



бет2/5
Дата07.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#80264
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
зертхана Жүгері

Морфологиялық ерекшеліктері. Жүгері (Zea mays L.) - Қоңырбас тұқымдасына (Poaceae L.) жатады, бірақ морфологиялық белгілері мен биологиялық қасиеттері бойынша осы тұқымдастың басқа дақылдарынан көп айырмашылықтары бар.
Жүгері дәнінен бір-ақ тамыр өніп шығады. 2-3 жапырақ фазасында түптену буынынан буын тамырларының бірінші қабаты, 5-6 жапырақта – екінші қабаты өсіп шығады. Буын тамырлары қабаты әрі қарай да пайда болып, көпқабатты тамырлар жүйесінің жетілуінен жүгері өнімінің мөлшері байланысты болады. Жүгерінің тамыры қолайлы жағдайларда 2-3 м топырақ тереңдігіне дейін бойлап, 1-1,5 м жан-жағына тарайды. Оның ұзынсабақты сорттарының төменгі сабақ буынынан ауа тамырлары бойлай түсіп, өсімдіктің жатып қалуға қарсы тұру мен қоректену қасиеттерін жақсартады. Жүгерінің дән мен көк балаусадан жоғары өнім беруі, тереңге енген мықты тамырлар жүйесінің болуынан. Тамыр жүйесінің жетілуіне, көп тереңдікке дейін өңделген және ылғал жеткілікті топырақ, күннің қарқынды жарығы, тыңайтқыштар мен жоғары агротехника септігін тигізеді.
Жүгерінің сабағы мықты, іші өзекшемен толтырылған, орташа биіктігі 2-2,5 м, буынаралықтар саны 8-25 дейін.
Жапырақтары – таспалы, ірі, шет жақтары кірпікті, алақанының үстіңгі жағы түкті. Тілшесі қысқа, мөлдір, құлақшасы жоқ.
Жүгері – ұялас, бірақ дара жынысты өсімдік (12-сурет). Аталық гүл шоғыры – сыпыртқыгүл сабақтың басында орналасады, ал аналық гүл шоғыры – сұлтан (собық) жапырақ қойнында жайғасқан. Бір өсімдікте 1-2, кейде 3 собық болады. Оның орташа салмағы 250-300 г. Собық өзектен тұрады. Оның ұяшықтарында тік қатарда жұптасып аналық гүлдерімен (200-800) масақшалар орналасқан. Тұқымның қатарлары жұп, көбіне олар 10-13. Собық бірнеше қабатты түрі өзгерген жапырақпен жабылып тұрады. Гүлдеу кезінде түйін бағаншалары жапырақ орамынан сыртқа шығып, буда түрінде салбырап тұрады. Жүгерінің дәні көпшілік түр тармақтарында ірі. 1000 дәннің салмағы 250-300 г. Тұқым формасы сортқа, қатарлардың орналасу тығыздығына байланысты, түсі – ақ, сары, қызыл және басқа да реңді болады.



12-сурет. Жүгері гүлшоғыры:
сол жақта-аталық
(сыпыртқыгүл);
оң жақта-аналық
(собық)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет