Сабақ №11 Тақырыбы: Жүгері өсімдігінің құрылысы


Биологиялық ерекшеліктері. Сорттары



бет4/5
Дата07.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#80264
түріСабақ
1   2   3   4   5
Биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Жүгері - желмен тозаңданатын өсімдік. Вегетациялық кезеңі 130-140 күнге созылады. Көгі шыққаннан кейінгі алғашқы 3-4 аптада жүгері жәй өседі. Осы кезде жақсы күтіп-баптау мен отау керек, себебі жүгерінің жас көгі арам шөптерден қатты зардап шегеді, ал бұның бәрі оның әрі қарай өсіп-жетілуіне көп зиянын келтіреді. Жүгерінің ең көп өсіп-жетілуі, буынаралықтардың бастапқы өсуінен сыпыртқыгүл шығуға дейінгі кезең.
Жүгері - жылусүйгіш өсімдік. Оның дәні 7-80С-та өне бастайды. Бірақ, бұл температура оның көгінің біркелкі қаулап шығуына жеткіліксіз. Жүгеріні онша жылынбаған топыраққа еккенде дәндерінің көп бөлігі ауруға шалдығып өліп қалады, ал шыққан көгі сирек және әлсіз болады. Өніп-шығуына қолайлы температура 10-120С, көктеуден сыпыртқыгүл шыққанға дейінгі кезеңде жақсы өсіп-жетілуі үшін 20-250С температура қажет. Ауаның температурасы 120С дейін төмендегенде жүгерінің өсуі күрт тежеледі, өсімдік сарғаяды және жиі ауырады. Ол 30С-тан төмендесе, жүгерінің көгі өліп қалады.
Жүгері құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Ол ылғалды тиімді пайдаланады. 100 кг құрғақ зат түзуге 17,4-тен 46,6 т дейін су жұмсайды (сұлы мен арпа одан да көп ылғал пайдаланады). Жүгерінің транспирациялық коэффициенті 230-370. Бірақ жүгерінің дән мен көк балауса өнімінің көлемі басқа дәнді дақылдардан көп болғандықтан, оған кететін су шығыны да көп болады. Көктеп шығудан сабақтануға дейін, жүгері суды аз пайдаланады, әрі қарай оны қажет етуі арта түседі. Ең көп су мөлшерін жұмсайтын кезеңі: сыпыртқыгүл шығаруға 10 күн қалғаннан сыпыртқыгүл кезеңінен кейінгі 20 күнге дейін. Осы аралықта ылғалдың жетіспеуі өнімнің төмендеуіне әкеліп соғады.
Жүгері жоғары агротехникада топырақ және ауа құрғақшылығына салыстырмалы түрде қарсы тұра алады. Бұны былай түсіндіруге болады: жүгері ылғалды ең көп пайдаланатын кезеңде топырақтың өте тереңінен және ауадан су буын сіңіре алатын мықты тамырлар жүйесін құрап үлгереді. Бірақ жүгерінің құрғақшылыққа төзімділігі тары мен қонақтарыдан төмен.
Жүгері – жарықсүйгіш қысқа күн дақылы. Күннің жарығы, әсіресе жүгерінің жас кезінде оның өсіп-жетілуіне жақсы әсер етеді. Өсімдіктің көлеңкеленуі, көкті сиретуді кешіктірген сияқты, жетілу процесіне зиянды әсер етеді: жеміс салу мүшелерінің құралуы тежеледі, аталық пен аналық гүлшоғырларының гүлдеуінде алшақтық және жеміссіз өсімдіктер көбейеді. Жүгерінің осы ерекшеліктерін агротехникалық шаралар жүйесінде ескеру қажет.
Ұзақ жарық күн жүгерінің вегетациялық кезеңін ұзартады, ал қысқа - пісуін тездетеді.
Жүгері топырақ құнарына талап қояды және тыңайтқыштар бергенді жақсы көреді. Жүгеріден ең мол өнім, құнарлы топырақтағы жоғары агротехникада алынады.
Жүгеріге құрылымды қара топырақтар мен қара-қоңыр топырақтар және де өте құнарлы және сіңімді өзен аңғарының шөкпе топырақтары жақсы. Топырақ ерітіндісінің өте қолайлы реакциясы – бейтарап және әлсіз сілтілі. Қышқыл, өте тұзды және батпақтануға бейім топырақтарда жүгері өсіруге болмайды.
Қазіргі кезде жүгерінің 50-ден аса сорттары мен будандары аудандастырылған. Олардың ең көп таралғандары: Одесский 80 МВ, Молдавский 257 СВ, Молдавский 215 МВ, Сары-Арка 150 АСВ, Целинный 160 СВ, Будан 237 МВ және т.б. Соңғы 1-2 жылда аудандастырылғандарға - Алтын 739, Алтай 319, Арман 689, Скиф 619, Сұңқар және Тұлпар 539 будандары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет