Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.2А-бөлім. 3D - баспа
Жамбыл орта мектебі
Сынып: 6 Күні: 20.11.2019 Сабақ №11
Тастурганова Рысбике Женисовна
Сабақтың тақырыбы
3D –редактор құралдары
Оқу мақсаты
6.2.1.2. 3д – редакторының графикалық примитивтерді құруға арналған құралдарын пайдалану
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар үшін: 3д – редакторға арналған барлық құралдарды білу.
Көпшілік оқушылар үшін: 3д –редактор құралдарын қолдана алады.
Кейбір оқушылар:3д –редактор құралдарының графика құруға арналғандарын атап, оларды практикада қолданады.
Бағалау критерийлері
-3D –редактор құралдарын білді.
-3D –редактор құралдарын практикада қолдана алды .
-3д –редактор құралдарының графика құруға арналғандарын атап, оларды практикада қолданады.
Ойлау дағдылары
Білу,түсіну,қолдану
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика және терминология аудармалары.
Модельдер, 3D объектілер, моделдеу, примитивтер, SketchUp редакторы.
Модели, 3D объекты, моделирование, примитивы, редактор SketchUp.
Models, 3D objects, modeling, primitives, SketchUp editor.
Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Жасалған модель … сәйкес келеді
Мен … негізінде модель жасадым
Құндылықтарға баулу
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша құндылықтар Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім Мақсаты: Оқушылардың топтық жұмыста және ортақ шешімге келуі барысында бір-біріне қолдау көрсетуі арқылы құндылықтарды сіңдіру
Пәнаралық байланыстар
Көркем еңбек, Физика, Математика, ағылшын
Алдын ала білім
Модельдер, 3D объектілер
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған қызмет
Ресурстар
Сабақтың басы
2 минут
5 минут
Ұйымдастыру: - Сәлемдесу, түгендеу
-Шаттық шеңберін құрып, «Мадақ» әдісі( оқушылар шеңберде тұрып, өз бастарына қолдарын қойып, өздерінің жақсы қасиеттерін айтады және қасындағы көршісінің арқасына қойып, көршісіне мақтау айтады) арқылы оқушылар ынтымақтастық ақуал қалыптастырады.
«Есептеу» әдісін қолданып, екі топқа бөлемін
Білім алушыларға есептер бар үлестірме қағаз беріледі. Сол есептерді орындау арқылы топтарға бөлінеді. Есептердің жауабында 0,1 сандары шығады.
І топ: «0»,ІІ топ: «1»,
«Ия болса дәлелде, жоқ болса дәлелде» әдісі арқылы сұраққа жауап айтады және ойларын дәлелдейді.
Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
SketchUp 3D-редакторына жатады.
Үлестірме қағаздар
Сабақтың ортасы
5 минут
7 минут
10 минут
1 минут
3 минут
Жаңа тақырыпты оқушыларға SketchUp редакторымен жұмыс.Бейнежазбаны көру арқылы түсіндіріп өтемін.
https://yandex.kz/video/preview?filmId=737527948442085707&text=%D0%A1%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%87%D0%B0%D0%BF%20%D2%9B%D2%B1%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B
1-тапсырма. Тж. «Ойлаң, топтас, бөліс» әдісі арқылы әр топқа жаңа тақырып бойынша талқылауға беріледі . Сол берілген мәтінді оқиды және топпен талқылап,сұрақтарға жауап береді.
Екі топқа сұрақ жазылған кеспелер беріледі.
«0» тобына
Примитивтер дегеніміз не?