Сабақ: №12 Мектеп: Пән: қазақ әдебиеті Күні : Мұғалім



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі98,39 Kb.
#123292
түріСабақ
  1   2   3

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: № 12

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті




Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы:

Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу


Сабақ мақсаты:

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.



АКТ-ны қолдану дағдылары:

слайд

Бағалау критерийі:

  • «Даналық кітабын» өмірмен байланыстыра талдайды;

  • Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп, өзі қалаған жанрда креативті жазады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: даналық, шешен тіл, дәлел, креативті өңдеу т.б.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Менің білуімше; өз пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның себептері жоқ емес; себебін былай түсіндіре аламын.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Дереккөздер



Сабақтың басы
3 мин

Қызығушылықты ояту
Миға шабуыл
«Бір минут» жаттығуы
«Бір минут» жаттығуына өз еркімен шыққан оқушы еш дайындықсыз бір минут бойы «Даналық кітабынан» үйренген ғибратын қазіргі өмірмен байланыстырып, тоқтамастан шешен тілмен сөйлеуі тиіс. Осылай үш оқушыны шығаруға болады.

Оқушылар хикмет шумақтарымен алты топқа бөлінеді.






Сабақтың ортасы


6+12 мин

10 мин

6 мин

Мағынаны тану

  1. тапсырма «Кубизм» ТЖ.

Анықтау. Өз бойыңызға «Даналық кітабынан» қандай өмірлік азық алдыңыздар? Кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.
Талдау. Қожа Ахмет Йассауидің бұл дүниенің қызығынан бас тартып, қылуетте өмір сүруі неліктен және өз өмірін өнеге ете отырып, ойшыл мақсатына қаншалықты жете алды?
Қолдану. Қожа Ахмет Йассауидің орнында болсаңыз, замандастарыңыздың бойындағы қандай кемшіліктерді сынар едіңіз? «Даналық кітабынан» кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.
Салыстыру. «Даналық кітабы» мен Қорқыт Атаның нақыл сөздерін Венн диаграммасы арқылы салыстырып, ортақ тұжырым жасаңыздар.
Табыс. Қожа Ахмет Йассауи ілімінің өміршең болуының сыры неде? «Даналық кітабынан» кемінде 2 не 3 дәлел келтіріңіздер.
Сәттілік. Қожа Ахмет Йассауи жерленген кесене орналасқан Түркістан қаласы «екінші Мекке» атанса, енді облыс орталығына айналып отыр. Келешекте мұнда туристер саны тіпті көбейері анық. Қожа Ахмет Йассауи ілімінің рухани жаңғыруға қосар үлесі қандай болмақ? «Даналық кітабына» сүйеніп, пікіріңізге кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.

  1. тапсырма Ж.

«Соңғы сөзді мен айтайын»

  • Оқушы қайта өңдеп, өзі қалаған жанрда креативті жазу жазбас бұрын «Даналық кітабынан» таратылған үзінділердің біреуін таңдап алады;

  • Сынып өзара ақылдасып, бағалау критерийін ұсынады.

1. Даналардың айтқаны келер болды,


Қияметтің қияпаты төнер болды,
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не деген замана болды достар.

2. Халайықтан мейірім мен рақым кетті,


Момынға телі-тентек зақым етті,
Тал түсте талапайда ақыл кетті,
Бұл не деген замана болды достар.

3. Азған заман ғалымы залым болар,


Қошаметшіл қулықпен мәлім болар,
Анығын айтқан адалдар жазым болар,
Бұл не деген замана болды, достар.

4.Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,


Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ,
Шындықты айтып осылай шырқыраған
Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет