Электронды їкімет – аќпараттыќ технологиялар кґмегімен ішінара келісушілікті ќамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындаєы, сондай-аќ мемлекеттік органдардыѕ ґзара јрекеттестігініѕ бірыѕєай механизмі



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата25.11.2022
өлшемі361,49 Kb.
#52565
  1   2   3


Дәріс 12 
 
Модуль 4. Іскерлік құжат айналымы 
 
Тақырып 3. «ҚР Электрондық үкіметі» жүйесіндегі жұмыс 
Сұрақтар: 
1. Электронды Үкімет түсінігі, қажеттілігі 
2. ҚР Электронды Үкіметтің дамуы 
3. «eGov mobile» электрондық үкіметтің мобильді қосымшасымен 
жұмыс 
 
Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар кӛмегімен ішінара 
келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы
сондай-ақ мемлекеттік органдардың ӛзара әрекеттестігінің бірыңғай 
механизмі. 
Мемлекеттік 
органдарға 
кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы 
басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де – осы 
механизм. 
Электронды үкімет – ел ауқымындағы басқару процестерінің барлық 
жиынтығын автоматтандыруға негізделген, қоғамның әрбір мүшесі үшін 
мемлекеттік басқарудың тиімділігін елеулі арттыру және әлеуметтік 
коммуникациялардың шығындарын азайту мақсатында қызмет ететін 
мемлекеттік басқарудың электронды құжат айналым жүйесі. 
Қазақстан 
Республикасында 
электронды 
үкімет 
қалай 
дамуда? Электронды үкімет құру идеясы Елбасына тиесілі, алғаш рет 2004 
жылы айтылған. Осы уақыт ішінде электронды үкіметіміз қалыптасуы мен 
дамуының іргелі тӛрт кезеңінен ӛтті. 
Ақпараттық кезең. Дәл осы кезеңде электронды үкімет порталы іске 
қосылып, ақпаратпен толтырылды. Мемлекеттік органдар, олардың жұмысы 
мен халыққа кӛрсететін қызметтері жайлы ақпараттар пайда болды. 
Интерактивті кезең порталда электронды қызметтерді тұңғыш рет 
ұсынуымен есте қалды. Бұл кезең барысында порталды пайдаланушылар 
түрлі мекемелерден кезекке тұруға уақыт жұмсамай-ақ анықтама алу, үйден 
шықпай-ақ кез келген мемлекеттік органға сұраныс жіберіп, оның мәртебесін 
қадағалап отыру мүмкіндіктеріне ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет