Сабақ 13 Мұғалім Саякеева Г. М сабақтың атауы



бет2/5
Дата15.12.2023
өлшемі1,68 Mb.
#139529
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Музыка 4 сынып 01

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту

«Миға шабуыл» стратегиясы. Үй тапсырмаларын оқушылар өзара сұрақ қою және тақырыпты мазмұндау, ән айту арқылы пысықтайды.
Сөзжұмбақ жасыру арқылы сұраймын
1. Ықыластың қандай күйлерін білесің?
2. «Домбыра болып сөйледім» әнінің сөзін кім жазған?
3. Шанақ-дегеніміз не?
4. Бұқар жырау Қалқаманұлы кім??
5.Естайдың қандай әндерін білесің?
Жаңа тақырып
Тәттімбет Қазанғапұлы – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Күйші, композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушы.
Халық күй өнерінің классигі.
«Сарыжайлау»

Мағынаны тану

 
Симфониялық оркестр- алғаш рет Еуропада пайда болды. Оркестр құрамы ішекті,үрмелі,ысқышты, соқпалы аспаптардан құралған.

Оркестрдегі үрмелі ағаш аспаптар.



Симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар.


Симфониялық оркестрде көптеген аспатардың ішінде скрипка жетекші орын алады. Басқа ешбір аспап дыбыс бояуымен техникалық шеберлігімен скрипкаға жете алмайды Оның дыбысы оркестрге сызылта шыққан әсем үн береді. Сондықтан ол Еуропада «Музыка ханшайымы» атағына ие болды. Скрипканың шығу тарихы Еуропада Х ғасырдан басталады. Ал бүгінгі түрі ХVI – XVII – ғасырларда Италия мен Францияда пайда болған. Скрипканың көне түрлері қазіргі скрипкаға мүлдем ұқсамайды. Олар жуан мойынды, қысқа келген, қампиған қарынды бір – біріне өте ұқсас. Ол аспаптарды фидель және ребек деп атаған. 



Скрипка мен қатар ішекті – ыспалы аспаптар тобын құрайтын - альт, виолончель және контрабас аспаптары.





Бұл аспаптар симфониялық оркестр үшін ойлап табылған. Себебі , олар дыбыс кеңістігін мейлінше толтыру үшін қажет.Дыбыс бояуы (тембр) жағынан альт скрипкаға жете алмайды. Оның дыбысы қысыңқы, көмескі реңді болып шығады. Ансамбль немесе оркестр құрамында басқа аспаптармен дыбысы жақсы үйлесім табады. 


Контрабас аспабы тек қана оркестрде қолдалынады. Ол өзінің қою және төменгі дыбысымен оркестрдегі барлық аспаптар сүйенетін тірек іспетті. 
Ал виолончель дыбысының өзіне тән ерекше бояуы бар. Оның қоңыр да қою дыбысы Европа музыкасындағы қайғы мен мұң, аңсау мен күйініш сезімдерін жеткізе алады. Аспаптардың дыбыс биіктігі аспаптың өлшемі мен оған тағылған ішектердің ұзындығына байланысты. Неғұрлым аспап үлкейген сайын, соғұрлым дыбысының биіктігі төмендей түседі. Дыбысы ең жоғарғы аспап – скрипка болса, ең төменгі - контрабас аспабы. 
Орындау кезінде скрипка мен альтты иыққа бұғақпен тіреу арқылы көлденең ұстап ойнайды



виолончель мен контрабасты жерге тік тіреп ойнайды

Бұл аспаптардың ең қарқынды дамыған шағы - XVIII ғасыр. Сонымен, скрипка тектес Еуропаның қазіргі ішекті – ыспалы аспаптары – альт, виолончель және контрабас оркестр үшін құрылып бүгін де оның негізі болып табылады.





Ой толғаныс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет