Сабақ №14. Буынаяқтылар типі эктопаразиттер және адамның трансмиссивті ауруларын тасымалдаушылар. Кенелер



бет5/8
Дата27.03.2023
өлшемі130,5 Kb.
#76423
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№14. Дидактикалық блог КАЗ (1) 2ee76354299a80aae7728bcc0fa67a56

Бүйi (Lycosa singoriensis). Бүйiнiң үстiңгi бөлiгi сұрлау, асты – қара. Бүкiл денесi және аяқтары қалың түктi болады. Iндердi мекендейдi, түнде қорегiн iздейдi, насекомдармен қоректенедi. Казақстанның және басқа ТМД елдерінің оңтүстік аймақтарында кездеседi. Шаққан жерiн ауырта­ды, кейде уы бүкiл денеге әсер етедi. Бiрақ еш уақытта өлiмге әкел­мейдi.
Қарақұрт (Lathrodectus tredecimguttatus). Арқасында 2 қатар қызыл дақтары бар, дөңгелек құрсағы қара түсті, аналығының ұзындығы 2 см. Аяқтары барқыт тәрiздi ұсақ қара түктермен қапталған. Аталығы ұрғашысынан кiшiлеу, құрсағы сопақ қоңыр түстi, аяқтары жiңiшке, ұзын. Аталықтары усыз. Қазақстанның (Басыс, оңтүстік Қазақстан облыстарында) тау етектерiнде, шөлейт және жазық аймақтарында кездеседі. Қарақұрттың шаққаны өте қауiптi. Шаққаннан соң қатты ауыртады, уланудың белгiлерi (ин­токсикацияның) пайда болады. Бел, iш, көкiрек ауырады, аяқ-қол жансызданады, удың жүйке және қан айналым жүйелерiне әсерi өлiмге әкелiп соғады.
Өрмекшiтәрiздiлердiң арасында ерекше медициналық маңызы бар кенелер отрядының өкiлдерi. Олардың денесi буындарға бөлiнбеген. Ауыз аппараты күрделi, тұмсығында хелицерiлерi және қосымша гипостомы бар. Педипальптерi иiс және дәм сезу қызметтерiн атқарады.
Кенелердiң дамуы метаморфозбен жүредi. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар личинка, содан соң келесі сатысы нимфаға айналады. Нимфаның төрт жұп аяғы бар, бiрақ жыныс жүйесi дамымаған. Нимфа имагоға айналады. Имаго - мөлшерi iрi және дамыған жыныс жүйесi бар ересек сатысы. Кенелердiң бiрнеше нимфальдық сатылары бар түрлерi де кездеседi.
Кенелер бiр, екi және үшиелiк болуы мүмкiн. Даму сатылары бiр иеде өтетiн кенелердi бiриелiк деп атайды. Личинкасы мен нимфасы бiр иеде, ал имагинальды формасы - екiншi иеде дамитын кенелердi екiиелiк деп атайды. Үшиелiк кенелердiң дамуының әр сатысында жаңа ие іздейді.
Кенелер уақытша эктопаразиттер, қоздырғыштарды қан сору кезiнде трансмиссивтiк және келесi ұрпаққа жұмыртқалары арқылы трансовариальды жолдармен бере алады. Соның нәтижесiнде табиғи-ошақтық протозойлық, бактериялық, вирустық аурулардың қоздырғыштары табиғатта айналымын, яғни табиғи ошағын сақтайды.
Медицина тұрғысынан алғанда маңыздылары иксод және аргас тұқымдасының кенелерi және акариформды тұқымдасына жататын қотыр кене.
Иксод тұқымдасына жататын кенелер тайгалық, шотланд энцефалитiнiң, туляремияның, бруцеллездiң, риккетсиоздардың арнайы тасымалдаушылары. Аргас тұқымдасына жататын кенелер қайталамалы сүзектiң арнайы тасымалдаушысы және резервуары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет