Сабақ №14. Буынаяқтылар типі эктопаразиттер және адамның трансмиссивті ауруларын тасымалдаушылар. Кенелер


Сабаққа дайындалуға арналған негізгі сұрақтар



бет2/8
Дата27.03.2023
өлшемі130,5 Kb.
#76423
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№14. Дидактикалық блог КАЗ (1) 2ee76354299a80aae7728bcc0fa67a56

Сабаққа дайындалуға арналған негізгі сұрақтар:
1) Буынаяқтылар типі, жалпы сипаттамасы, кластарға жіктелуі.
2) Өрмекшітәрізділер класс өкілдеріне тән ерекшеліктер. Медициналық маңызы бар өкілдері (кенелер).
3) Кенелердің классификациясы. Құрлыс ерекшеліктері, даму циклы .Олардың
медициналық маңызы.
4) Иксод кенесiнiң даму сатыларын: личинка, нимфа, имаго ажыратуды;
5) Иксод кенесiн аргас кенесiнен ажыратуды;
6) Қотыр кенесiн анықтауды;
7) Адамның трансмиссивтiк ауруларын тасымалдаушылары және қоздырғыштары - кенелерден сақтану және күресу жолдарын.
8) Тақырып бойынша 5 терминнен тұратын 3 тілде глосарий құрастыру.
Ақпараттық-дидактикалық блок:
Буынаяқтылар типiне жалпы сипаттама. Буынаяқтылар типiнiң өкiлдерi (шаянтәрiздiлер, өрмекшiтәрiздiлер, насекомдар) құрылысындағы көптеген айырмашылықтарымен қатар омыртқасыз жануарлар тобының жоғарғы құрылымында сәйкес бiрқатар ұқсас белгiлерiмен де сипатталады. Буынаяқтылар буылтық құрттардан шыққан. Буылтық құрттар сияқты олардың денесi сегменттелген, сегменттерi (буылтықтары) гетерономды, яғни денесінің сегменттерінің құрылысы мен мөлшері әртүрлi. Буылтықтардан дене бөлiмдерi қалыптасады (бас, көкiрек, құрсақ), кейбiреулерінде буылтықтар бiрiгiп баскөкiрек және құрсақ түзейдi немесе денесі тұтасып кетедi.
Эволюция барысында алғаш буынаяқтылардың аяқтары буылтық құрттарға тән екiге бұтақталған параподиялардың түр өзгерiсi және буындарын бүгуге мүмкiндiк беретiн қозғалмалы буындардан тұрады. Сонымен қатар олар қоршаған орта жағдайларына қарай бейiмделген.
Буынаяқтылардың денесi хитиндi кутикуламен қапталған, ол қорғаныш және бұлшық еттер бекінетін қанқалық қызмет атқарады. Буынаяқтылардың арнайы қызмет атқаратын бұлшық еттері құрттардың терi-бұлшық ет қапшықтарынан айырмашылығы әрбiр мүшелерге бекінеді. Бұлшық еттерiндегi тағы бiр ерекшелiгi олардың гистологиялық айырмашылығында: оларкүрделі қозғалыстар жасайтын,күшті жиырылатын және жылдам қозғалуын қамтамасыз ететін көлденең салалы бұлшық ет талшықтардан тұрады. Сонымен бірге буынаяқтылардың ерекше белгiлерiне - дене қуысының аралас болуы (миксоцель), қан айналу жүйесiнің ашық, жүрегi арқа жағында орналасуы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет