Сабақ №14. Буынаяқтылар типі эктопаразиттер және адамның трансмиссивті ауруларын тасымалдаушылар. Кенелер



бет3/8
Дата27.03.2023
өлшемі130,5 Kb.
#76423
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№14. Дидактикалық блог КАЗ (1) 2ee76354299a80aae7728bcc0fa67a56

Тыныс алу мүшелерi - суда тiршiлiк ететiн түрлерiнде - желбезек, ал құрлықта өмiр сүретiндерiнде – қапшық тәрiздi өкпе немесе трахеялар.
Зәр шығару мүшелерi - түрi өзгерген метанефридиялар немесе мальпигий түтiктерi.
Жүйке жүйесi: жұтқыншақ асты және жұтқыншақ үсті түйіндерден және құрсақтық жүйке тізбегінен тұратын жұтқыншақмаңы жүйке сақинасынан тұрады. Сезім мүшелерінің жақсы дамуына байланысты жұтқыншақ үсті түйін көлімі ұлғаяды, сондықтан кейбір авторлар оны “ми” деп атайды.
Буынаяқтылардың көбшілігі дара жынысты.
Медициналық маңызы бар буынаяқтылар типi 3 класқа бөлiнедi: 1) Шаянтәрiздiлер класы (Crustacea);
2) Өрмекшiтәрiздiлер класы (Arachnoidea);
3) Насекомдар класы (Insecta).
Шаянтәрiздiлер (Crustacea) класының жалпы сипаттамасы. Шаянтәрiздiлер буынаяқтылар сияқты екi жақты симметриялы және денесi метамерлi. Бас және көкiрек сегменттерi бiрiгiп, баскөкiрек құрайды, құрсағы сегменттелген. Жоғары сатыдағы шаяндардың әр сегментiнде аяқтары болады, олардың құрылысы мен функциясы әртүрлi. Аяқтардың екiбұтақты болуы, олардың буылтықты құрттардың параподилерiнен шыққанын көрсетедi, бiрақ жоғарғы сатыдағы шаяндардың аяқтарының бiр бұтақтары жойылады. Бас бөлiгiндегi сегменттерде орналасқан аяқтары жақ аппаратына және сезiм мүшелерiне айналған, көкiрек сегменттерiндегi аяқтарында желбезектер орналасқан, олар жүру және тыныс алу қызметiн атқарады. Төменгi сатыдағы шаяндардың құрсағында аяқтары жоқ.
Шаянтәрiздiлердiң iш құрылысында бiрқатар ерекшелiктерi бар. Екiншi реттiк дене қуысы бiрiншi реттiк дене қуысымен бiрiгiп миксоцель түзейдi; целом синус ретiнде сақталады.
Ас қорыту жүйесi жақсы жіктелген және бездердiң жақсы дамуымен сипатталады.
Қан айналу жүйесi ашық және жақсы дамыған: артериялық қан тамырлары шығатын жүрегi бар. Төменгi сатыдағы кейбiр шаяндардың жүрегi бар, қандары синустың бойымен қозғалады, ал кейбiреулерiнде (циклопта) қан айналу жүйесi жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет