Сабақ №14. Буынаяқтылар типі эктопаразиттер және адамның трансмиссивті ауруларын тасымалдаушылар. Кенелер


Иксод және аргас тұқымдас кенелердiң дифференциальды белгiлерi



бет7/8
Дата27.03.2023
өлшемі130,5 Kb.
#76423
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№14. Дидактикалық блог КАЗ (1) 2ee76354299a80aae7728bcc0fa67a56

Иксод және аргас тұқымдас кенелердiң дифференциальды белгiлерi



Белгi

Иксод кенелер

Аргас кенелер

Дене тұрқы

Доғал, денесi алдына қарай сүйiрленген.

Денесi жалпақ, бүйiр жиегi бiр-бiрiне параллель орналасқан.

Тұмсығы

Дененiң алдыңғы жағында, шығыңқы

Құрсақ жағына қарай орналасқан

Қалқан

Аталығының арқа жағын тұтас жабады, анасының тек алдыңғы бөлiгiн жауып тұрады.

Аталығында да, аналығында да болмайды.

Аналь жүлгесi құрсағындағы аналь тесiгiн қоршай орналасқан

Доғатәрiздi, аналь тесiгiнiң жоғарғы жағы арқылы өтедi, ұшы дененiң артқы жағына дейiн жетедi.

ұзын жүлге аналь тесiгiнен өтедi, дененiң артқы жағына дейiн жетедi.

Жыныс тесiгi

Аяқтың үшiншi жұп деңгейiнде

Аяқстың бiрiншi жұбының артында

Нимфалық стадиялары

Бiр

Бiрнеше

Мекен ортасы

Ашық табиғатта

Жабық үңгiрлер

Қоректену

Монофагтар, ересек стадиялары бiр рет қоректенедi (бiрнеше сағаттан 15-20 күнге дейiн)

Полифагтар, бiрнеше рет қоректенедi, тез тояды (30-40 мин)

Ашығу мүмкiндiгi

6-7 ай

9-11 жыл

Жұмытқа салуы

Бiр рет, өте көп (1500 - 20000 жұмыртқа)

Аз мөлшерде, бiрнеше рет

Өмiр сүру ұзақтығы

(3-тен 7 жылға дейiн)

(25 тен 30 жылға дейiн)

Кененiң денесi дөң­гелек, қыртыстанған, үстiнде қабыршықтары және ұзын қылтықтары бар. Аяқтары қысқа алты буыннан тұрады. Ауыз аппараты үшбуынды пальпiден және қысқыш тәрiздi хелицерден тұрады. Терi iшiндегi кененiң қазған жолдарына салған жұмыртқаларынан алты аяқты личинкалар дамиды. Олар түлеп нимфа I, нимфа II- ге, содан соң имагоға айналады.


Қотыр кене адамның терiсi iшiнде пара­зиттiк тiршiлiк етедi, қотыр ауруының қоздырғышы. Көбiнде терiнiң нәзiк жерлерiн зақымдайды, әсiресе: саусақ аралары, қолдың буындарын, жыныс мүшелерiн. Қотырдың негiзгi симптомдары: кене терi iшiмен қозғалғанда жүйке ұштарының тiтiркенуiнен қатты қышыма тудырады, ол әсіресі түнге қарай күшейеді. Кене жолдарын қасығанда, жолдары ашылып, бүкіл денеге тарайды және сау адамға жұғады. Сонымен қатар сау адамға аурудың жеке заттарынан, төсек орындарынан, киiмдерiнен жұғады.
Диагноз қышымаға шағымданғанда және терiдегi кiр-ақ түстi иiрiмдi жолақты табу арқылы қойылады.
Қотыр ауруының алдын-алу шаралары:

  1. жеке бас гигиенасын сақтау;

  2. ауру адамдарды табу және емдеу; ауру адамдардың киiмiн, iш киiмiн және орамалдарын дезинфекциялау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет