Сабақ 14 Модуль Жетістік формуласы Тақырып Кәсіби мотивацияны қалыптастыру



бет4/5
Дата30.11.2023
өлшемі41,66 Kb.
#131360
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Практикалық сабақ 14

4) Өзгеріс пен даму қоғамға немесе елге ғана қатысты емес. Өзгеру мен алға ұмтылу жеке адамдарға да қатысты ұғым. Адам өзгерсе, қоғам өзгереді.
Бүгін де дәстүрлі әдетіміз бойынша адам өмірін өзгертудің маңызы туралы және қандай әдістермен өз өмірімізге жылдам өзгеріс енгізуге болатыны туралы материал жазбақпыз. Сіз өміріңізді қай бағытқа өзгерткіңіз келеді? Өзіңіздің бойыңыздағы қандай қасиеттерден арылуды қалайсыз?
Сіздің тұлғаңыз өзгеріске бейім
Сіздің санаңыз өзгерістерге әрдайым дайын болады. Бірақ ол сіздің іс-әрекетіңізге, ойлау жүйеңізге тікелей бағынышты. Сондықтан, ол сіздің толыққанды шешім қабылдаған уақытыңызды күтеді.
Осы ретте психолог мамандар өзгеруге шешім қабылдау үшін екі түрлі психологиялық қағиданы ұстана білу маңызды екенін алға тартады. Ол қандай психологиялық қағида?
Алғашқысы – өз-өзіңізді басқара білу және өзіңізді сыртқы көзқарастан талқылай алу.
Екіншісі – сыртқы факторлар есебінде болып жатқан жай-күйді қабылдау деңгейіңіз. Қоршаған ортаның іс-әрекеті мен өзіңіздің іс-әрекетіңіздің ішкі түйсігіңізге қалай әсер ететінін бағамдау арқылы сіз өзгеріске ұмтылуға жол ашасыз.
Аталған психологиялық қағиданың негізгі мақсаты – сыртқы факторлар арқылы өз санаңызды алда болатын іс-әрекетке даярлау. Бұл әрекет арқылы кез-келген жерде санаңызға сенімділік сезімін орнатуға болады. Бұл қаншалықты маңызд? Өйткені, сіздің тұлғалық өзгерісіңіз физикалық күшіңіз арқылы емес, түйсік деңгейіңіз арқылы жүзеге асады.
Сәттілік мәселесі
Адамдардың көпшілігі, мейлі ол жетістікке жеткен адам болсын, ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір күні тояттау сезіміне ерік береді.
Әрбіріміздің жан дүниемізге жақын әрі болмысымызбен қалайтын сүйікті ісіміз, арнаулы ортамыз болады. Біз сол бағыт бойынша жетістікке жетуге ұмтыламыз, сол бағытта бар күш-жігерімізді салып, еңбек етеміз. Өзіңіз байқайтын боларсыз, әншілер халық арасында үлкен танымалдылыққа жеткен шағында олардың жаңа туындылары ішпыстырарлық деңгейге түседі. бұл олардың тояттаған шағы. Аталған кезең әлемдік дәрежеде ойып тұрып орын алатын үлкен корпорация, компания жетекшілерінің де тұсынан айналып өтпейді. Ал мейрамхана қожайыны есігінен қонақ үзілмейтін дәрежеге жеткенде ас мәзірін сирек өзгерте бастайды. Өйткені, ол түскен табыстан тояттап қалды. Осы кезеңде даму деңгейі төмендейді немесе мүлде тоқтап қалады. Барлығы сіздің пайдаңызға жұмыс жасап тұрған шақта одан әрі дамудың қажетсіздігі немесе барына қанағат ету сезімі билей бастайды бойыңызды.
Сіз даму жолында әрекет етіп, жетістікке жету жолында қимылдай бастаған кезде, үлкен тәуекелдерге бас тігесіз және қорқыныш сезімі сізді мүлде мазаламайды. Өйткені, сіз өзіңіздің жетістікке жеткен кездегі өміріңізді көзіңізге елестетіп, соған жетпейінше тынбауға өз-өзіңізбен уағдаласасыз. Оосы кезеңде адам өзін-өзі барынша қамшылап, тоқтамай әрекет етеді. Әлдекім оны алға қарай итеріп тұрған секілді сезім оны бей-жай қалдырмайтын еді, өйткені.
Ал сәтсіздіктерге ұрынудан қашқан адамның жігері оны басқа бағытқа жетелейді. Аталған типтегі азаматтар бұл кезеңде үлкен тәуекелдерді жасауға қауқарсыз болып келеді және оның санасына марапаттар мен жетістік кезеңі көрініс бермейді. Ол тек қана өз жолында кездесіп атқан мәселелерге бой алдырмай өтіп, тура жолда жүріп отыруды көздейді. Оның бір күні адаспасына кім кепіл?
Адам біршама жетістікке жеткен кезде оның өмірінде ешқандай талпыныс болмайды және ол еріншектікке, қорқақтыққа бой алдырады. Бұл – даму жолындағы орын алған кішкене үзілістердің әсері.
Жетістікке жетіп, әрі қарай тоқтаусыз әрекет ете бастаған кезіңізде сіздің санаңызда "не үшін жасап жатырмын?", "не істеп отырмын?" деген сияқты сұрақтар туындай бастайды. Содан кейін тек қана өзіңіздің тамша жағдайыңызды қолдап отыру үшін ғана талпыныс жасайсыз. Өйткені, сіз күдікке бой алдырасыз және тұлғалық болмысыңызды жоғалтасыз. Өзіңізге сұрақ қойып көріңіз. Сіз не үшін тырысып жүрсіз: дамуға ма әлде бар нәрсеңізді жоғалтып алмау үшін бе? Өзіңізді тамаша тұлға етуге тырсасыз ба әлде қолда барды жоғалтпай, бірқалыпты өмір сүруді жөн деп санайсыз ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет