Өзіңізді қайтадан жасақтап отырудан қашпаңыз Нағыз еңбекқор адам жаңа шекараларды бұзудан шаршамайды. Және ол уағында межелеген тұсқа жетпейінше тоқтамайды. Жаңа белеске шыққаннан кейін жаңа мақсаттар туындап, оларды жүзеге асыруда адам өз-өзін жігерлендіре білуі тиіс. Егер сіз бір бағытта ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетсеңіз, екінші бір дүниені үйренуге кірісіңіз. Адам бір ғана нәрсені үйренуге және сонымен тоқтап қалуға міндетті емес. Адам туылғанда ол бірнеше бағытта жұмыс жасауға қабілетті болып туылады. Әртүрлі бағытта өз-өзіңізді сынап көруге тырысыңыз. Бұл жағдайда сіз тояттап қалу қаупіне бой алдырмайсыз. Сонымен қатар, әрдайым тұлғалық болмысыңызды дамыта түсесіз.
30 күндік челлендж Сіз өзіңізді өзгертуді қаласаңыз, осы әрекетті 30 күн ішінде іске асыруға тырысып көріңіз. Бұл тәсіл әлемдік деңгейде дәлелденіп, өз нәтижесін беретін әдіс ретінде танымал болған.
Ойланып көріңіз: біраздан бері қандай істі жүзеге асыруды мақсат етіп жүрсіз? Егер ондай дүние болса, бұл әдіс сізге міндетті түрде көмектесу керек.
Өзіңізді қатты ұстап, 30 күн бойы ойға алған ісіңізбен айналысыңыз. Мысалы, артық салмақтан арылғыңыз келсе, 30 күн бойы жаттығулар жасаңыз. Осылайша сіз өз өміріңізді өзгерте аласыз.
Ал жазуды әдетке айналдырғыңыз келсе, бір ай бойы қолыңызға қалам алып, талпыныс жасай беріңіз. Бір айдан кейін жасаған әрекеттеріңізді сараласаңыз, өзгерісті байқайсыз. Осыдан кейін тоқтап қалмай, басқа бір бағытты игеруді бастаған жөн. Бір ай аралығында сіздің мақсатқа жетуіңізге кедергі болатын қорқыныш сезімі басылады.
Осындай дәлелденген тәсілдерді қолдана білсеңіз даму жолында үлкен секіріс жасайсыз. Ал бұл аралықта басқалар кішкене қадамдарына тояттап отыруы мүмкін.
Өміріңізді өзгертіңіз! Болашағыңыз мен тұлғалық болмысыңызды дамытыңыз! Жетістікке жетіңіз! Ешкім кедергі келтірмейді!