Толқын ұзындығы — Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.Ол әрпімен белгіленеді.
Басқаша айтқанда, толқын ұзындығы деп толқын ішіндегі бірдей қозғалатын және тепе-теңдік күйінен ауытқұлары да бірдей болатын бір-біріне ең жақын жатқан екі нүтктенің арақашықтығын айтамыз.
λ толқын ұзындығының бөлшектердің Т тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама толқын жылдамдығы деп аталады
ν=λ/Т
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
Есептер шығару
Дыбыстың судағы жылдамдығы 1450 м/с. Жиілігі 200 Гц тербеліс көзі тудыратын судағы дыбыстық толқын ұзындығын табыңдар.
ІІ топқа:Теңіз бетіндегі екі толқынның арақашықтығы 4м. Толқында тербелген қайықтың тербелісінің периоды 1,5с. Толқын жылдамдығы неге тең?
ІІІ топқа: Серпімді жіпті бойлай 20 м/с жылдамдықпен көлденең толқындар таралады. Тербеліс периоды 0,5 с. Толқын ұзындығын табыңдар.