Сабақ №3 Тақырыбы: Жоғары жүйке әрекеті Практикалық сабақ №3 Тақырыбы: Жоғары жүйке әрекеті



бет1/12
Дата21.09.2023
өлшемі54,49 Kb.
#109449
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Сабақ №3 Тақырыбы Жоғары жүйке әрекеті-emirsaba.org


Сабақ №3 Тақырыбы: Жоғары жүйке әрекеті

Практикалық сабақ №3

Тақырыбы: Жоғары жүйке әрекеті
Мақсаты: Жоғары жүйке әрекетіның типтерін бір-бірінен ажырату және ерекшеліктерін білу.
Теориялық сұрақтар:
  1. Темперамент типтері туралы Гиппократ ілімі.


  2. ЖЖҚ негізінде алынған негізгі принциптері. Жүйке процестерінің негізгі құрылымы (күш, тепе-теңдік, қозғалғыштық)


  3. ЖЖҚ типтері туралы Павловтың ілімі. Типтерге сипаттама.


  4. Адамның ЖЖҚ қосымша типтері.


  5. Балалардың невроздары, оның профилактикасы.






  1. Темперамент типтері туралы Гиппократ ілімі.

Әрбір адамның жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі –темперамент. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша-темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз.

Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да, психиканың күші мен тереңдігінен де, адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де жақсы байқалып отырады.
Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.Бұл психикалық ерешеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент туралы Гиппократ ілімі
Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ежелгі Греция ғалымы және дәрігер Гиппократ бұдан екі жарым мың жыл бұрын, темперамент туралы теорияның негізін салды.
Гиппократ өзінің дәрігерлік тәжірибесінде адамдардың қимыл — әрекеттерінің бірдей еместігін, олардың жүріс – тұрысына, психикалық әрекеттерінің ағысы да, көңіл күйінің барысы да әртүрлі екендігін байқап, бұлардың не себептен осылайша болғандығына ерекше назар аударған. Ол адамды әр темпераментке бөлген. Денеде болатын 4 түрлі сұйық заттарды: қан, шырыш (шайыр), қара және сары ет, осыларды әр түрлі пропорцияларына сәйкес түсіндірген.
Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде заттардың біреуінің көп, кейбіреулерінің аз болуы – олардың бірімен-бірінің пропорциясы бұзылса, бірі екіншісінен артық, не кем болса, белгілі темпераменттің төрт түрінің біреуіне жататын болған. Мәселен, сангвиник темпераментіндегі адамдардың қаны басым келеді. Мұндай адамдар тез қозғыш, тез тыныштанғыш болып табылады. Меланхолик темпераментіндегі адамның тәнінде қара өт басым болады. Мұндай кісі өте тұйық, жігерсіз келеді. Холерик темпераментінде сары ет басым болады. Олар жігерлі болып қимыл-қозғалысы күшті, ұстамсыз, ерекше пысық келеді. Ал флегматик темпераментінде төрт түрлі сұйықтық ішінен шырыш дейтіні көбірек болады. Бұлар тез қозбайды, бірақ істі аяғына дейін жеткізе алады. Әрине, Гиппократтың темпераменттердің әр түрлілігі де денедегі сұйық заттардың пропорциясына байланысты деуі ғылыми жағынан дәлелсіз. Кейінгі кездерде темперамент жайында басқа да теориялар шыға бастады. Соның бірі – белгілі неміс философы Қант адам темпераментін екі топқа бөледі: 1) сезім темпераменттері. Бұған ол сангвиникалық меланхолика темпераменттерін ендіреді; 2) әрекет темпераменттері. Бұларға Қант холерик және флегматик темпераменттерін жатқызады. Қант адам сезімдері мен әрекеттерін сипаттауға байланысты ол темпераменттерді адамның мінезімен қосарластыра қарайды, яғни мінез бен темпераменттің арасына теңдік белгісін қояды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет