Әлсіз (сылбыр) топ – қозудың күші әлсіз, ми қыртысының қызметі төмен деңгейде жүреді. Әлсіз тітіркендіргіштің әсерінен-ақ тежелу байқалады. Осындай жүйке жүйесі бар адамдарды меланхоликтер (уайымшыл, мұңды) деп атайды. Олардың психикалық
Белсенділігі айқын байқалмайды, баяу қозғалады. Өте сезімтал, тез ренжиді, өзіне өзі сенбейді, әрі тұйық, көңіл күйі бірқалыпты болғанымен, сырттай көрінісі көзге байқалмайды. Олар сылбыр, сөзге, сараң, жасқаншақ, ұялшақ, кекшіл, уайымшыл. Бірақ бастаған ісін аяғына жеткізуге тырысады. Өзін көпшіліктен аулақ ұстауға тырысады.
Адамдарды жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне қарап, осылай шартты түрде ғана бөледі. Көбіне адамдардың жүйке жүйесінде ұксас белгілер болғанымен, әрбір жеке адамның өзіне ғана тән ерекшеліктері болад. Әрбір жеке адам өзінің наным-сенімі, арман-мұраты және алдына қойған мақсаты аркылы бірінен-бірі ерекшеленеді.
Адамның мінезінде жеке басының жігері басты орын алады. Жігер дегеніміз – адамның түрлі қиындықтарды саналы түрде жеңе білу қабілеті. Жігерлі адам көздеген мақсатына жету үшін зор табандылық көрсете біледі. Жігерлілік әрекеттің басты мақсаты – қабылдаған шешімді орындап шығу. Адам жігері арқылы кез келген қиыншылықты жеңуге жол табады. Адам өзінің жігері арқылы мінез құлығын басқара алады. Бұл кезде адам ішкі және сыртқы қиыншылақтарды жеңуге ұмтылады. Адамның өз мінез-құлығын жігеріне бағындыра білуі тәрбие жұмыстарында жөне өзін тәрбиелеуде өте кажет. Мақсатқа жетуді көздеу, айтқанында тұру, өзін ұстай білу, шұғыл шешім қабылдау, тәртіпке бағыну адамның жігері арқылы қалыптасады.
Жүйке жүйесінің типтері – жүйке жүйесінің жекедара ерекшеліктерінің жалпыланған сипаттамалары. Көптеген физиологтардың көзқарасы бойынша, жүйке жүйесінің типтері туа бітеді және тұқым арқылы беріле алады. Тіршілік іс-әрекеті барысында ол жасырын да болуы мүмкін, сондай-ақ өмір сүру, тәрбие жағдайларына байланысты ол өзгеріп те, күшейіп немесе әлсізденуі де мүмкін. Ол нәсілдік ерекшеліктер мен өмірлік тәжірибелер арқылы қалыптасады. И.П. Павлов бойынша, жүйке жүйесінің типтері негізінде қыртыстық физиологиялық процестердің — қозу мен тежелудің қасиеттері жатады: күштілік, икемділік, тепе-теңдік немесе оларға қарама-қарсы процестер — әлсіздік, икемсіздік, тепе-теңсіздік. Осы жүйке процестерінің қасиеттері үйлесе келіп, жүйке жүйесі типтерін құрады. Қозу мен тежелудің күптті процестеріңде қозу тежелуге қарағанда, басым болады да, бірінен екіншісіне ауысу тез жүреді. Бұл қатты қозғыш жүйке жүйесінің типтері Егер екі процесс те әлсіз болса, онда тежелу қозуға қарағанда, басым түседі — бұл әлсіз жүйке жүйесінің типтеріне тән. Бірінен екіншісінен ауысқандағы қозу мен тежелудің күшті процестерінің тепе-теңдігі — тек күшті, тепе-тең жүйке жүйесінің типтері сәйкес келеді. Қозудан тежелуге және тежелуден қозуға баяу өту (екі процесс те күшті болған жағдайында) күшті инертті жүйке жүйесінің типтері көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |