Сабақ №3 Тақырыбы: Жоғары жүйке әрекеті Практикалық сабақ №3 Тақырыбы: Жоғары жүйке әрекеті


Холериктің өте жігерлі болуы жағымды болса, көңілінің өте қатаң ұйытқымалылығы, ұстамсыз – тұрақсыздығы қолайсыз жағы болып табылады. Флегматиктің



бет6/12
Дата21.09.2023
өлшемі54,49 Kb.
#109449
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Холериктің өте жігерлі болуы жағымды болса, көңілінің өте қатаң ұйытқымалылығы, ұстамсыз – тұрақсыздығы қолайсыз жағы болып табылады. Флегматиктің сабырлы, салмақты, көңілі тұрақты болуы жағымды болса, қимыл – қозғалыстарының баяулығы, шабан болып келуі жағымсыз жағы болады. Ал меланхоликалық адамның көңілінің тұрақты болуы, қолына алған бір жұмысты аяғына дейін апаруы жағымды жағы болса, өте сылбыр болуы, көбінесе көпшіліктен бөлек жүріп, өзімен — өзі болып, өзінен-өзі жүнжіп кетуі жағымсыз жағы болып табылады. Міне, осы себептен бұл темпераменттердің мынауысы жақсы, мынауысы жаман деп айтуға болмайды. Темпераменттердің осы түрлері шартты түрде сипатталған деуге болады. Өмірде темпераменттердің таза түрін кездестіру қиын, өйткені бұлардың жекелеген элементтерін әр темпераменттен де кездестіруге болады. Жүйке саласының өзгешеліктерін лабораториялық жағдайда зерттеу арқылы ғана бұларды даралап анықтауға мүмкіндік туады.
Физиолог И.П.Павловтың айтуынша, осы айтылған төрт темпераменттің қосындысынан тағы да темпераменттің бірнеше түрін шығаруға болады. Ол жеке темпераменттердің түрлерін 24-ке жеткізуге болады дейді. И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметінің типтері туралы ілімі (1924) темперамент мәселесін ғылыми жолмен түсіндіруге жағдай жасады. Ғалым организмнің (иттің) жүйке саласындағы негізгі үш қасиетінің қызметімен байланыстырады:


  1. Негізгі жүйке процестері (қозу, тежелу) күшті, әлсіз болуы. Мысалы, иттің жүйке саласының күшті екенін айыруда, шартты рефлекс ретінде өте күшті тітіргендіргіштердің әсерін байқаған. Кейбір реттерде өте күшті дыбыстардың әсерінен шартты рефлекстер пайда болған, енді біреулерінде мұндайда жағымсыз сезімдер пайда болып, шартты рефлекс жасалмаған. И.П.Павлов күшті қоздырғыштармен шартты рефлекс тудырған иттің жүйке саласы күшті деп, ал рефлекс туғызбайтындарды жүйкесі әлсіз деп есептеген.



  1. Қозу және тежеу жүйке процестерінің бір – бірімен тепе – теңдігі. И.П.Павлов иттердің жүйке саласындағы қозу мен тежелу бір – бірімен тепе – тең бе, не тежелу, қозуынан басыңқы ма, не керісінше бұлардың қайсысы күшті, осы мәселеге қатты назар аударған. Тәжірибеде иттердің тежелу процестерінің тепе – теңдігі түрліше болған. Кейбіреулерінің қозуы мен тежелуі тең болса, енді біреулерінің қозу процестері басымырақ болған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет