Сабақ №3 Тақырыбы: Жоғары жүйке әрекеті


ЖЖҚ негізінде алынған негізгі принциптері. Жүйке процестерінің негізгі құрылымы (күш, тепе-теңдік, қозғалғыштық)



бет3/19
Дата26.01.2022
өлшемі50,48 Kb.
#24359
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ЖЖҚ негізінде алынған негізгі принциптері. Жүйке процестерінің негізгі құрылымы (күш, тепе-теңдік, қозғалғыштық)

Барлық адамдарда психикалық үдерістер біріне-бірі ұқсас болғанымен, өр адам қоршаған ортаны өзінше қабылдайды. Адамдар бірінен-бірі кабілеті, қызығушылығы, бейімділігі, көңіл күйі арқылы ерекшеленеді. Адам биологиялық түр ретінде (саналы адам) анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан біріне-бірі өте ұқсас. Мысалы, тік жүруі, қолдың еңбек қүралдарын жасауға, пайдалануга икемділігі, ми қыртысының күрделі дамуы және т. Б.


Әрбір адамның өзіне төн мінез-қүлық ерекшеліктері, өмірге бейімділігі, шығармашылык кабілеті бірінен-бірі едәуір айырмашылығы болады. Сондыктан да әрбір жеке адам өзінше дара тұлға.
Нәресте дүниеге келгенде, оның бойында өзіне тән қабілет ерекшеліктерінің нышаны – бейімі болады. Оны тума талант деп те атайды. Осыған байланысты өр адамның жүйке жүйесінің топтарын ажыратады.
Дұрыс тәрбиенің нөтижесінде, тума таланттың негізінде адамның қабілеттілік қасиеті калыптасады. Қабілеттілік – жеке адамның бойындағы белгілі бір іскерлік, біліктілік, икемділік және т. Б. Қасиеттердің жиынтығы. Адамдар бірінен-бірі кабілеттіліктері және көңіл күйінің өзгешелігімен де ерекшеленеді. Адамның жеке басына тән белсенділік, іс-әрекеттерінің, көңіл күйінің көріністерін сипаттайтын ерекшеліктерін темперамент (лат. «temperamentum» - бір шамалас) дейді. Оны жеке адамның мінез кұлығы мен көңіл күйінің ерекшеліктерінен айқын байқауға болады. Ол негізінен жүйке жүйесінің физиологиялық пш.ірмншылыктарына тікелей байланысты. Адам ағзасын зерттеуде ертедегі грек дәрігері Гиппократ (ж. С. Д. 460 – 470 жылдары) көп еңбек сіңірді. Сондықтан да оны медицина ғылымының негізін салушы деп атайды. Гиппократ ауру адамдарды бақылап, адамда кездесетін анатомиялык, физиологиялық дерттерге маңызды теориялык қорытындылар жасады. Әсіресе, ол өзіне каралған емделушілердің мінез-кұлық ерекшеліктеріне, темпераментіне ерекше мән берді.
Гиппократ адам денесі негізгі төрт «сөлдің» құрамды бөліктерінен тұрады деп есептеді. Осы «сүйықтықтың» өсерінен адамның мінез-құлық темпераменті байкалады деген. Ол адам денесіндегі бұл «сұйықтықтарды» ағзада кездесетін сұйықтықтармен байланыстырып, оларды латын, грек гоздерімен атады: қан (лат. «sangius»), өт (гр. «сһоде»), қара өт (гр. «melanos сһоlе») және шырын (гр. «phlegma»). Гиппократтың пікірі бойынша адам ағзасында осы төрт сұйыктықтың қайсысы көп болса, мінез-құлығы да соған байланысты деп түсіндірді. Осыған байланысты адамның мінез-құлығы сангвиник, холерик, меланхолик және флегматик деп бөлінеді. Бұл атаулар ғылымда осы күнге дейін пайдаланылып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет