Сабақ №4 Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып


Жиындар шектеулі жиын, шектеусіз жиын болып бөлінеді



бет15/25
Дата18.11.2022
өлшемі1,62 Mb.
#51110
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
Алгебра 1-тоқсан 9-сынып 1635158210

Жиындар шектеулі жиын, шектеусіз жиын болып бөлінеді
Мысалы, цифрлар жиыны A - шектеулі жиын, оған 10 элемент енеді. A={0,1,2,3,4,5,6,7,8,9} жиынының элементтер санын көрсетіп жазсақ: n(A)=10. Ал натурал сандар жиыны N - шектеусіз жиын.
Егер a элементі B жиынына тиісті болса, оның жазылуы: 
a B.
Оқылуы: "a B жиынының элементі" немесе "a- B жиынына 
тиісті".
Мысалы, 7 саны натурал сандар жиынына тиісті: 7  N.
Егер c элементі A жиынына тиісті болмаса, оның жазылуы: 
c  A. Оқылуы:"с элементі A жиынына тиісті емес".
Мысалы, 0 саны натурал сандар жиынына тиісті емес: 0 ₡ N.
Егер жиында бірде-бір элемент болмаса, оны бос жиын деп атайды.
Бос жиынның белгіленуі: . Мысалы, 74 және 79 сандарының арасындағы жай сандар жиыны - бос жиын.
Егер B жиынының әрбір элементі A жиынына тиісті болса, онда B жиыны A жиынының ішкі жиыны деп аталады. Мысалы, 
A={1,2,3,4,5,6,7} жиынындағы жұпсандар жиыны - B={2,4,6}. B жиынының әрбір элементі A жиынына тиісті.
Белгіленуі: B  A.
Оқылуы: B жиыны - A жиынының ішкі жиыны. 
Жиындардың байланыстары мен арақатынастары Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескінделеді.



Суретте - B жиыны A жиынының ішкі жиыны екені Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескінделген.
Бос жиын кез келген жиынның ішкі жиыны болады. Белгіленуі: 0 С A. Мұндағы A - қандай да бір жиын.
Егер екі жиын бірдей элементтерден тұрса, онда олар тең жиындар деп аталадыМысалы, A={a,b,c}; B={c,a,b}, онда A=B. Оқылуы: A жиыны B жиынына тең.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

.


Жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет