2-есеп. Бір топтағы туристердің 10-ы қазақ тілін біледі, 8-і орыс тілін біледі, олардың 3-еуі қазақ тілін де, орыс тілін де біледі. Топта барлығы неше турист бар?
Шешуі: Бір топ туристердің қазақ тілін білетіндердің жиыны - A; n(A)=10. Орыс тілін білетіндерінің жиыны - B; n(B)=8.
1)10 + 8 = 18 - топ ішіндегі туристердің қазақ тілін білетіндердің және орыс тілін білетіндердің саны.
2)18 - 3 = 15 - топ ішіндегі туристер саны. Топтағы туристер D жиынын құрайды n(D)=15. Демек, D жиыны өзара қиылысып тұрған A және B жиындарының бірігуіболып табылады.
Есептің шешуі Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы былай кескіндейміз. А U B = D
Суретте - A және B жиындарының бірігуі
3-есеп
Бір аптада дүкеннен 19 адам телевизор сатып алды, 18 адам мұздатқыш сатып алды. Олардың 9-ы мұздатқыш та, телевизор да сатып алды. Неше адам телевизор ғана атып алды? Неше адам мұздатқыш ғана сатып алды?
А) 13 және 7
В) 13 және 6
С) 10 және 9
D) 8 және 15
E) 11 және 5
|
Дескриптор
|
Айнымалыларды енгізеді
|
Есептің шарты мен белгісіз арасындағы тәуелділікті орнатады
|
Теңдеу құрады
|
Теңдеулер жүйесін шешеді
|
Жауапты негіздейді
|
|
Жұлдызша арқылы бір-бірін бағалау.
|
Үлестірмелі қағаздар
|