3.4.2.Мастэктомиядан кейін еңбекке жарамды ету шараларын өткізуіне қатысуы
Кез келген әйел сүт безін алып тастағанын өте ауыр көтереді.Бір жағынан,ота өмір сүруін жалғастыруына қажет,екінші жағынан – өмірі күрт өзгереді,бұл өмірде қайта сүру үшін уақыт қажет,жаңа өмірде қызығушылық табу керек.Кейде ем алғаннан кейін әйелді күйеу немесе жақын адамы тастап кетеді,бұл психоэмоциялық жағдайын нашарлатады.
Ота жасағаннан кейін ағзада анатомо-физиологиялық бұзылыстар болуы мүмкін,ол еңбекке жарамсыздыққа әкеліп соғады.Радикалдық мастэктомияның негізгі асқынуы – қолдың лимфалық ісігі мен оның қозғалмауына әкелуі мүмкін.Оның алдын алуын отадан кейін 2-3 күні бастау қажет,отадан кейінгі ерте кезеңінде.4-6 рет асықпай жаттығуларды орындау.Мұндай жаттығу кешендері ауруханада онкологиялық бөлімшелерінде болады.Медбике жаттығулардың маңыздылығын,оның қажеттілігін науқасқа түсіндіру тиіс.
Науқас ауруханадан шыққанда ота жасаған жағындағы қолымен абайлап қозғауды білуге тиіс:
алғашқы кезінде ота жасаған жағында қолына күш түсірмеу;
жарақат қолының тамырларын баспау үшін,ұйықтағанда шалқасынан немесе ота жасаған жағына қарама-қарсы қырынан жату;
жарақат қолын жастықтың үстіне қою,көтеріліп тұруы тиіс.Бұл лимфаның жүруін жақсартады;
қолын төмен түсіріп,еңкейіп ұзақ жұмыс істемеу,өйткені қолдың тамырларында лимфа жүрмей қалады;
ота жасаған жақтағы қолынан қан тапсыру,егу жасау,қан қысымын өлшеу,сағат,жүзік,білезік тағуға болмайды.
Сүт безінің обасын қайта болдырмау үшін науқас әйелге келесі нұсқауларды орындау керек:
алдын алу тексерісінен өтіп тұру;
күн тәртібін сақтау,терезені ашып,8 сағаттан артық ұйықтамау;
орманда,саяжайда,табиғатта демалу;
поливитаминдерді қабылдау,көкөніс пен жемістермен тамақтану;
артық салмақ болса,арықтау,содан кейін бір қалыпта ұстау;
дене шынықтырумен шұғылдану;
өз келбетіне қарау – силикон протез алу,ақауды жасыратын кең киім кию,мойына әр түрлі үшкіл орамал тағу;
психоэмоциялық жағдайлардан аулақ жүру;
өз ішіне түйілмей,туыстардың көмек беруіне мүмкіндік беру.
Медициналық оңалту бойынша ұсынылатын шаралар жайлы мәліметтер де маңызды:нәжісті жинайтын ыдыс,сүт безі протездері,лимфастаз кезіндегі компрессионалды қолғаптар,т.б.қамтамасыз етілуі.
Арнайы құжаттамаға қоса,онкологиялық кабинеттің медбикесі оперативтік араласуларды,ауруханаға жатқызылған науқастарды,ЕАМ қарамағында диагностикалаудың қосымша тәсілдеріне бағытталған науқастарды есепке алу журналын жүргізеді.Онкологиялық кабинеттің санитарлық-эпидемиялық тәртібінің ерекшеліктері жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |