Бұлшықеттердің негізгі топтары
Бас пен мойынның бұлшықеттері.
Бастың бұлшықеттері шайнау және ымдау деп 2-ге бөлінеді. Шайнау бұлшықеттері төменгі жақ-сүйекке бекінеді. Бұлшықеттері жиырылғанда төменгі жақсүйек қозғалысқа келіп, тамақты шайнауға, сөйлеуге қатысады. Ымдау бұлшықеттерінің бір шеті сүйектерге, екінші шеті терінің астыңғы жағына бекінеді. Ыммен адам қуануды, ренжуді, ашуды және т.б. білдіреді. «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деген ұғым осыған байланысты айтылған. Ауыздың айналасындағы бұлшықеттер – ауызды жұмуға, көздің айналасындағы бұлшықеттер қабақты жабуға қатысады. Көздің айналасында қатпарлар пайда болып, қасты жоғары көтереді.
Мойынның бұлшықеттері бас пен мойынды бұруға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |