Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ
Мансұр ҒАТАУЛИН
Емберген АЛТЫНБЕКОВ
Қадыр ҚУАНЫШЕВ
Жыл сайын саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алуға арналған 31 мамырды, біздер ұлттың жартысын ойсыратқан ашаршылықты да еске алу деп ұғамыз. Неге? Үнсіз ғана еске алыңдар деп әлдекім ымдаса керек. Әйтпесе, тарихшы Талас Омарбеков айтқандай, қуғын-сүргін басқа да, ұлттың жартысын қырған геноцид мүлдем басқа тақырып емес пе?
1997 жылғы 5 көкекте жарияланған № 3443 жарлықта Қазақстандағы ашаршылық турасында бір сөз жоқ... Ендеше, неге ақымақ боламыз? Ең болмаса Бесеудің хаты жазылған 4 шілдені ашаршылық нәубетіне ұшырағандарды еске алатын ұлттық қасірет күніне айналдырып, мемлекеті бар халыққа ұқсап, қырылған бабаларымыз бен бауырларымызға дұға оқып, тарихи қаралы күн екенін неге сол саясатты тықпалағандардың бүгінгі ұрпағының бетіне баса алмаймыз?
Қазақ халқының 40 пайызын жалмаған Ашаршылық нәубеті саясатпен көмкеріліп, жасырылып отыр. Өткен тарихтың бүгінгі Ресейге де қатысы аз. Бастысы, тірі қалған ұрпақтың болашағы үшін тағлым болуы керек. Солақай ма, сұрқия ма, әйтеуір, сондай саясаттың қайталанбауы үшін керек. Бүгінде Еуразияның азулы мемлекеті болатын Қазақ елі демографиялық деміккен жағдайда отыр. Бұл саясатпен аға ұрпақ барынша күресті.: Бесеудің хаты соған куә. Түбінде сол хат жазылған 4 шілде болашақта қолға алынатынына сенеміз.
І топ
2 – көрініс: Сталинге хат.
Сталин: Сонымен, Қазақстан басшылығы дүние түп – түгел, жағдайымыз жақсы дейді. Ал сен болмасаң – Қазақстан ажал аузында, халық қырылып жатыр дейсің. Шыныңды айтшы, қазақтардың қырылып,көшіп,басып жатқаны осы сен жазғандай ма?
Рысқұлов: (күрсініп). Кеше елден туған қарындасым келді. Үйелмелі – сүйелмелі бес баласымен келмейді ғой. Аштықтан қашқан.Күйеуі жалғыз атын,жүйрік атын белсенділерге бермей қарсылысқанда соққыға жығылып, тұра алмай төсек тартып, ақыры аштан өлген.
Сталин: Мүмкін емес. Рысқұловтың туысын белсенділер соққыға жығып, аштан өлтіріп, семьясын қаңғыртып жібере ме? Рысқұловтың туыстарын! Ау, онда Қазақстандағылар сенің кім екеніңді білмейтін шығар?
Рысқұлов: Мүмкін
Сталин: Мүмкін емес! Қазақстаннан қол үзіп қалған жоқсың. Күні кеше Қазақстан жер арқылы Турксибті салып бердің. Өйтіп шатастырма! Сен не, туыстарыңды белсенділердің озбырлығыннан , аштықтан құтқарып қалу қолыңнан келмеді ме?
Рысқұлов: Халықты құтқарып қалу керек, Иосиф Виссарионович. Менің туыстарым – біреу, екеу, халық көшпенді халық – 6 млн.Соның қазір жартысынан айырылдық. Күн өткен сайын құрып барады. Жедел көмек көрсетпесек,мүдем құрып кетеді, Иосиф Виссарионович ...
Сталин: (қасын керіп) Сенің де төменшектеп, жалынуға дәтің барады екен – ау.
Рысқұлов: Халықтан үлкен емеспін. Халық қырылып жатқанда, менің тәқаппарлығымды лағынет атсын!
Сталин: (Рысқұловтың хатын парақтап дауыстап оқиды) Торғай сияқты аудандарды аштық жайлап, індеп ауры тарады. Ит,мысық, суыр, тышқан жеп... кісі етін жеп... Тек торғай орталығында 2500 адамның жартысы қара шешектен қырылды. Қазақстан Денсаулық сақтау Комиссариаты індет аурының есебін ала алмай ... Ақтөбе облысында 1930 жылы 1102.500 адам болса, 1932 жылы 725.800 адам қалды. Қызылордада халықтың 15 – 20 % қалды. Балқаш ауданында 60 мың адамның 12 мыңы қалды. Қарқаролыда 1932 жылдың майында 50.400 адам бар еді, ал қарашада 15.900 адам қалды.Ал Голощекин келген сайын сені жамандайды.
Байларды конфискациялануға қарсы болып, ВЦИК – тің сессиясында сен сөз сөйлепсің ғой.
Рысқұлов: Жала! Мен байларды конфискациялауға қарсы болған жоқпын. Ірі байларды жер аударуға қарсы болдым. Стенограммада бәрі жазулы.
Сталин: (қатуланып) Жер аударуға неге қарсы болдың?
Рысқұлов: Бұл мыңжылдық психологияға байланысты. Байдың төңірегінде ағайын – туыс руластары бар. Рулық аурудан халық бір күнде арыла алмайды. Бай кетсе – олар бірге кетеді. Көшпенді кедейдің санасын орыс пролетариатының санасымен салыстыруға болмайды.
Сталин: Қызық екен, Голощекинмен айтыста ұлытшыл – уклонист Сәдуақасов та осылай десе керек. Тіпті кулактың өзің социализмге бейбітшілік жолмен алып бару керек екен деген Бухариннің ұраны ғой. Сенде Сәдуақасовпен, Бухаринмен үндестік жоқпа па?
Рысқұлов: Жоқ! Байларға, кулактарға менің бүйрегім бұрып тұрған жоқ. Конфискациялануда мен де жақтадым. Бірақ жер аударып, елден аластап жіберудің өзге ұлт өкілдері біле бермейтін нәзік психологиялық моменттері бар.
Сталин: Солай де.
Жолдас Молотов!
Дауыс: Иә, тыңдап тұрмын, Иосиф Виссарионович
Сталин: (екінші телефонмен) жолдас Каганович!
Дауыс. Тыңдап тұрмын, Иосиф Виссаринович
Сталин: Тез арада Рысқұлов жолдасының ұсыныстары негізге алынсын. Түсінікті ме?
Дауыстар.Түсінікті.
Түсінікті.
Сталин: Ие, ұмытып барады екенмін?
Голощекин Мәскеуге тез шақырылсын.
Дауыс. Командировкаға ма?
Сталин: (дауыс көтеріп, қатал) Жоқ! Мүлде!
(Трубканы тарс еткізіп тастай салады.Рысқұловқа баяу бұрылып).Сен дәмеленіп қалма? Қазақстанға қайтпайсың!
Рысқұлов: Өмір – бақи қайтпауға пейілмін. Қазақстан аман болса, халқым аман болса, соған өле - өлгенше ризамын.(көзімнен жас тамшылап кетеді. Залға қарап.) Халқым,сен аман бол! Құрбаның болуға мен дайын. Ал,зор қатенің құрбандары! Сендер кешіріңдер. Сендердің рухтарыңды қарны тойған күні ұмытып шыға келетіндерден сақтасын тағдыр!
І топ 1932 ж. Аштық туралы
Бұл даланың қасыреты жәйінда,
білмек түгіл, айтқан сөзге сеніп көр .
көктем емес, сол көктемнің айында,
көз алдымда… мұз құрсанған өліктер .
қозғалта алмай жатыр әне кірпігін,
бәрі-дағы аштан өлген олардың .
балалы әйел нан таба алмай бір тілім,
тырнағына кетті ылынып ажалдың .
қара жердің қара желі зар илер,
өлілердің жыртық төсін жұлмалап .
сұлық қалды, шырылдаған сәбилер,
суып қалған омырауды тырмалап .
бұл не сұмдық? кімдер бұйтып қорлаған?
туған жері – өз елінде болса да .
жас өскіндер, тумай жатып сорлаған,
жазығы не, жазығы не соншама?
кім жасады, аштық деген пәлені?
кім жауапты? білгім келер соны мен .
тірілердің бәрі жауап бермеді,
енді оны сұраймын ба өліден?
қуат та жоқ, не айтады айқайлап,
мес боп ысып кеткен әбден аш қарын,
білмейді олар, мәскеу жақта той тойлап,
мәз-мейрәм боп астық жинап жатқанын .
алқаптарда қадау-қадау сар сабан,
маржан бидәй жөнелтілген қиырға .
аш-жалаңаш сол жандарға шаршаған,
ол бидәйдән жарты дан жоқ бұйырған .
малын қырып салғаннан соң не қалды?
ол жәйлі да ешкім жағын ашпайды .
аяз қысса, аш-жалаңаш оларды,
өлімге өзі-ақ мойынсұна бастайды .
аяқ алып жүре алмайсың өліктен,
бұл қорлыққа шыдай алар қай кісі!
бәрі жұмбақ:
неткен ауыр?
неліктен?
бұл қазақтың даласының қайғысы .
* <т .г .невадовская> аштық жылдары қазақстанда өмір сүрген орыс қызы . бар-жоғы 19 жастағы бөйжеткен қынадай қырылған қазақтарды көріп, қайғылы жыр жазған . аталмыш жырды ақын үләрбек нұрғалымұлының аударуымен.
* * *
Өткен жылдың соңында қазақстан жазушылар одағы ұйымдастырған конферентсиия барысында, қоғамға аты танымал азаматтар – с .зиманов, а .нұрпейысов, с . асып, т .какішев, г .белгер, а .сарай, а .артсишшевскии, а .гаркаветс, м .шаханов бастаған тұлғалар қр пәрламент мәжілісі мен ұкіметке ашық хат жолдап, 1932-33 жылдары орын алған аштықтың салдарына тарихи баға беруді талап еткен еді .
аталмыш ашық хаттың 5-бабында: «1920-30 жылдары қазақстанда орын алған алапат ашаршылық тарихы оқулықтарға енгізіліп, қазақ тарихындағы ең қасыретты оқиға ретінде оқытылуы қажет» делінген . сол сияқты ашық хатта, 1932-33 жылдардағы аштықтың салдарынан 2 миллён 300 мың адам қаза тапқаны жәйлі айтылыпты .
осы орайда, тоғыз жасында алапат аштықты басынан кешіріп, бір үйлі жаннан жалғыз өзі тірі қалған жазушы өтебәй қанахинның жазбасын жариялап отырмыз . жазба оқыған адамды бейжәй қалдырмасы анық .
Онда былай делінген:
…аштықтан әлім бітіп көзім қарауытып, есім бірде кірсе, бірде кірмей, тек кірпігім ғана қимылдап, жұртта қалған тастанды күшік сиияқты шалажансар жатқан жерімнен ересек біреулердің тауып алып, сыртта тұрған шанаға апарып салғанын, үстіме киіз жауып қымтап жатқанын еміс-еміс білемін .
сөйтсем бұлар аштықтан жаппай қырылып жатқан қазақ ауылдарын аралап, ең болмаса тыры қалған бала-шағаны аман алып қалу үшін қыстау-қыстауды аралап жүрген көмсөмөл жасақтары екен .
жолда бір жерге тоқтап, бір ұрттам ыстық ас бергенде барып есімді жинадым . бізді әліп келе жатқан екі адамның әңгімесіне құлақ түрдім . олар бір қыстаудың есігін қар басып қалғанын көріп, күрекпен аршып үйге кіріпті . ортасын нар пешпен бөлген үйдің кең зәменкесін айнала өліп жатқан балаларды көреді . әке-шешесімен 11 баласы біреуі қалмай аштан өліпті . осыны айтқанда делбе ұстаған жігіт еңіреп жылап келе жатты .
қалқанды шананың ішінде менен басқа тағы бірнеше бала бар екен . көбі басын көтере алмай әлсіз ыңырсиды . бізді қалаға әкелгенде, шанадағы 9 баладан бесеуіміз тыры жеттік .
…бізді ырғыздағы пәнәсіздәр үйіне орналастырды . онда тіпті қиын екен . арық-тұрақ, өзі аш балаларды бит жеп өлтіргенін көзім көрді . қыстың ұзақ түнінде таң алдында түзге шықтым . даретхана деп ойлап, оның қасындағы тақтай қойманың есігін ашып қалғанымда, отынға дайындаған сексеуіл сияқты төбеге дейін тіреп, жиып қойған өзім құрпы кішкентәй балалардың өлі денесін көрдім . сол жерде құлап қалыппын . артынан біреу-міреу ішке кіргізіп тастапты .
…нендей дерт екенін білмеймін жаңа ғана сүт ішіп, нан жеп отырған бала оқыс қисая кетіп қылғына бастайды да көзі ақшаңдап жұрып кетеді . менімен бір кереуетте жатқан бес бала осылай өлді .
…жазғытұрым ауруханадан шықтым . киімді беріп жатқан орта жастағы қазақ әйелі еңіреп жылады . мен «неге жіләйсіз?» дедім . сонда әлгі кісі көз жасын сұртып: «осында келген 50 баладан әне бір-екеуің ғана тыры кетіп барасың . өмірің ұзақ болады екен» деді .
Достарыңызбен бөлісу: |