Адамға ұқсас тіршілік иелері осыдан 2,5 миллион жыл бұрын өмір сүрген. ең алғашқы жандар «епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувэй шатқалынан Алғашқы адам тектес гоминидтер ірі маймылға ұқсас болған.
питекантроп пен синантроп- «тік жүретін адамдар». Оның алғашқы өкілі питекантроп 1891 жылы Ява аралынан табылған. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын тіршілік етсе, синантроп «Қытай адамы» бұдан 500–200 мың жыл бұрын мекендеген.
Көне адамның тағы бір түрі «неандерталь» болып есептеледі, ол Германия жерінен кезіктірілген. Ол бұдан 200–35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Неандертальдық баланың сүйегі Өзбекстандағы Тесіктас деген үңгірден де табылған. Неандертальдық жандар – тік жүретін адам мен саналы адамдар арасындағы өтпелі кезеңде өмір сүргендер.
Бүгінгі бізге ұқсайтын адамды – Хомо сапиенс деп атайды, бұл «саналы адам» деген мағынаны білдіреді. Бұдан шамамен 40–30 мың жыл бұрын пайда болған. «Саналы адамның» сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан, саналы адам кроманьондық деп те аталады.
Алғашқы адамдар
Алғашқы адамдардың кәсібі
Алғашқы адамдардың негізгі кәсібі терімшілік және аңшылық болған. адамдар тобыры дейді. Олар үңгірлер мен тау шатқалдарын мекендеді. еңбек құралдары тастан жасалды, олар – қол қашау, чоппер, чоппинг, т.б. Ерте палеолитте тастан – кескіш, қырғыш, тескіштер жасады.
Қаратау үңгірінен табылған жуан емес ағашты кесетін екі жағын егеп – ирек ара тәрізді құрал жасаған.
Палеолитте дөңгелек өзектасты шетінен ортасына қарай жару тәсілі – нуклеус (тілгіш пен қырғыш) жасалды.
Бір қабат өңделген қарапайым шапқыш тас құралдың жүзін ұсақ кертік – ойықтар жасау арқылы өткірлеу ретушь әдісі делінген.