Б.з.б. 2 мыңжылдықтың соңында мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастап, шаруашылықтың басты түрі – мал шаруашылығы болды
Жер өңдеудің теселі егіншілік сияқты қарапайым түрі дамыды
Кен өндіру мен металл өңдеу ісі дамыды
Дөңгелекті көлікті пайда болды
Зергерлік бұйымдар жасады. Алтыннан жасалған бұйымдардан бір жарым орамды алтын сырғалар кездеседі. Оларды әйелдер самай шаштарына қыстырғандықтан самай сырға деп аталады.
Қола дәуірінде металл кеніштері Зырян, Жезқазған, Қарқаралы, Ақшатау тауларынан өндірілген. Белгілі ғалым Қ.И.Сәтбаевтың зерттеуінше, Жезқазғаннан 1 млн тоннадай кен өндіріліп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған. Қола дәуірінде Шығыс Қазақстан жеріндегі Нарын мен Қалба кен орындарынан 1100 тонна қалайы шығарған. Кенді қорыту үшін қазандықтар салынды.