Сабақ 6-сынып(1-бөлім) Қамтылатын тақырыптар



бет3/7
Дата03.11.2023
өлшемі292,58 Kb.
#121755
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
773285.pptx

Мустье кезеңі

Кейінгі палеолит кезеңі

  • Бұл кезде адамдар барлық аумақтарға таралып қоныстанды
  • Орталық Қазақстандағы Қарабас, Семізбұғы тұрағынан жүзі түзу қырғыштар, қайқы тас пышақ қырғыштар табылған.
  • 6 метр тереңдіктен 300-ге таяу тас құрал шыққан Батпақ тұрағының мөлшері – б.з.б. 30–25 мыңыншы жыл аралығын қамтиды.
  • Шығыс Қазақстаннан Бұқтырма мен Шүлбі, оңтүстіктен Ащысай, Жетісудан Майбұлақ тұрақтары қазылып, зерттелді.

Мұз дәуірі бұдан 13 мың жыл бұрын аяқталды

  • Мұз дәуірі бұдан 13 мың жыл бұрын аяқталды
  • Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы – еңбек құралдарын жасағаны болды
  • Рудың алғашқы түрі – аналық ру болды.
  • Экзогамия дегеніміз – рудың құрамына кіретін адамдардың бір-бірімен некелесуіне тиым салу.
  • Рулық қауым ішінде кездесетін барлық мәселелер жалпы жиналыста шешілді.

Орта тас ғасыры (мезолит). б.з.б. 12–5 мың

  • Бұдан 13 мың жыл бұрын мұздақтар еріп бітті.
  • Қазақстан жерінде бүгінге ұқсас қолайлы климат қалыптаса бастады.
  • Мезолит дәуірі жетістіктерінің бірі – ұсақ жаңқа тастан жасалған құралдар – микролиттер болды.
  • Микролиттер дегеніміз – ұзындығы 1–2 см-дей құралдар
  • Мезолит заманының тағы басты жаңалықтарының қатарына – садақ пен жебенің жасалуы жатады.

Мезолит тұрақтары

  • Атбасар маңында – Тельман
  • Қарағанды жанында – Әкімбек
  • Көкшетауда – Виноградовка
  • Торғай жерінде – Дүзбай
  • Маңғыстауда – Қызылсу
  • Солтүстік Қазақстанда – Мичурин, Боголюбов ескерткіштері, Явленка тұрақтары

Кәсібі

  • Балық аулау үшін гарпун, ау, шанышқы, қармақты пайдаланды. Балық аулау іздері – Ертіс, Сырдария өзендерінің бойынан кездеседі
  • 10 мың жыл бұрын егіншілік пен мал өсірудің қарапайым түрі қалыптаса бастады
  • Қолға алғашқы болып ит үйретілді
  • Мезолитте де адамдардың негізгі кәсібі аңшылық пен терімшілік болды.
  • Ерлер аң аулап, әйелдер терімшілікпен айналысып, ерлер мен әйелдер арасында еңбек бөлінісі қалыптасты.
  • Балалар тобынан ересектер тобына өту – бағыштау (инициация) делінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет