Сабақ 9-10 Академиялық мәтін түрлері және құрылымы Реферат жазу ерекшелігі Конспектінің түрлері Мақала және оны конспектілеу



бет3/6
Дата18.12.2023
өлшемі26,67 Kb.
#140572
түріКонспект
1   2   3   4   5   6
Ғылыми жұмыстың бөліктері:
титулдық бет;
• мазмұн;
• негізгі мәтін;
• библиография.
Кейде бұларға аңдатпа, материалдың сипатына қарай түрлі қосымшалар берілуі мүмкін.
Мәтіннің құрылымы.
Негізгі бөлім
Тарау
Тарауша.
Егер мәтінде бұлар берілмесе, мәтін құрыльімдық тұрғыдан дұрыс ресімделмеген болып саналады. Жазбаша жұмыста мәтіннің басты бөліктерін ажырататың жаңа жолдан жазылған тарауша аттарынан басқа, абзацтың басында қою әріптермен берілетін мәтінішілік тараушаларды да қолданған дұрыс. Тұтас мәтінді ғана емес, жекелеген абзацтар мен сейлемдерді де бөліп көрсету керек. Мысалы, бір жарым бетті алатын абзац немесе он жолдан тұратын сөйлемнен құралған мәтінді оқып-түсіну қиындық тудырады, оларды мағыналық бөлшектерге бөлу қажет.
Үлкен мәтіннің құрылымын жақсартудың тәсілдері ретінде мәтін ішіндегі түрлі бөліністерді, белгілерді атауға болады. Олардың жиі қолданылатындары мыналар: шрифтілер, тізімдер, түрлі форматтар.
Қою шрифт, курсив немесе басқа өлшемдегі шрифтіні маңызды сөздер мен сөйлемдерді, терминдерді, басқа мәтіннен алынған дәйексөзді, құжаттардың атауларын т.б. жазған кезде қолдануға болады, басты ереже - бірізділікті ұстану.
Тізімдік ресімдеуге сызықша, жұлдызша, нүкте, реттік нөмір қолдану тәсілі жатады. Мысалы:
- сөз, сөйлем;
- сез, сөйлем.
Немесе
• сез, сейлем;
• сөз, сөйлем.
Немесе
* сез, сөйлем;
* сез, сөйлем.
Немесе
1) сөз, сөйлем;
2) сез, сөйлем.
Немесе
а) сөз, сейлем;
ә) сөз, сөйлем
Бұл керсетілгендер мәтініңізде қатаң логикалық жүйе бар екенін көрсетеді және мәтінге аяқталған, жүйелі сипат береді. Мәтін құрылымында түрлі форматтарды: интервалды ,шрифт елшемін, жаңа жолды өзгертулер мысалдарды, түрлі кейстерді, есептерді, бет соңындағы сілтемелерді ресімдеу үшін қолданылуы мүмкін.
Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама.
Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалыпсын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындарыжалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады.
Рефератпен жұмыс жасаудың 4 негізгі бағыты көрсетіледі:
1.Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері
2.Рефераттың құрылымы
3. Рефератты ресімдеудегі талаптар
4. Рефератты қорғау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет