Тапсырма 1. Органогенез эмбриональдық дамудың маңызды кезеңі болып табылады, онда
күрделі және әртүрлі морфогенетикалық өзгерістер жүреді.
Сұрақтар:
1. Эмбриогенездің қай кезеңінде адамның мүшелерінің бастамалары қалыптаса бастайды?
2. Адамда бірінші болып қандай мүшелер дамиды?
3. Органогенезде қандай жасушалық үдерістер жүреді?
4. Адамның мүшелерінің қалыптасуы қашан аяқталады?
Тапсырма 3. Балалар денсаулығы атты «Ғылыми орталыққа» 4 айлық бала А. қаралды. Әйелдің бірінші жүктілігі гестозбен және гипоксиямен өткенімен бала жүктіліктің мерзіміне сай туылды. Туылғандағы баланың салмағы 2520 г, бойы 46 см. Баланың туылғаннан кейінгі жағдайы, аурудың зіліділігі бойынша орташа. Туған кездегі диагнозы: көздің торлы қабатының ангиопатиясы, солжақтық эпикант, таңдай жырығы, жамбас буынының гипоплазиясы. Баланың бойындағы көптік ақаулардың болуына байланысты хромосомалық талдау жүргізілді: 22-ші хромосоманың ұзын иығының q11.21 аймағындағы микроделеция анықталынды. Молекулалық кариотипі 46, ХХ, 22 q 11.21.
Сұрақтар:
1. ДТБА жіктелуін ескере отырып жоғарыда аталған ақаулар қандай ақаулар түріне жататынын анықтаңыз?
2. Туа біткен «жырық ерін» немесе «жырық таңдай» ақаулары қандай жасушалық механизмдердің бұзылуынан болады: Сипаттаңыз.
3. Туа біткен даму ақаулықтар түрлері: мальформация, дизрупция, деформация, дисплазия. «Жырық таңдай» ақауы қандай ақау түріне жатады. Сипаттаңыз.
Тапсырма 3. Сол жақ бағанадағы терминдерді, оң жақтағы бағанадағы терминдермен сәйкестендіріп құрастырыңыз