Ұзақ мерзімді жоспар тарауы
|
5.4.3. Отбасы құндылығы
|
Сабақ: Қазақ әдебиеті
|
Мектеп: №10
|
Күні: 06.04.2023
|
Мұғалімнің аты-жөні: Мустажапова А.Б.
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар: 23
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Тынымбай Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала».
Бақытты сәт.
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.1.4.1- көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту:
5.2.3.1 -шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау;
|
Сабақтың мақсаттары
|
- көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айтады.
- шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды.
|
Бағалау критерийлері
|
-шығарма үзіндісін мәнерлеп оқиды, жатқа айтады;
-тілдік суреттеулерді анықтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады :
Отбасы құндылығының маңызын баяндай алады. Шағын көлемді шығармаларды мәнерлеп оқиды, жатқа айта алады.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Сағыныш, уәде, күлімдеу, аңсау, құлықсыздық, томсыраю; теңеу, эпитет, диалог, метафора.
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: құс болып ұшып кетердей, үлкендігі бұршақтай жас, өксік тығылды, ерте піскен алмадай алабұртып, айтқанын құлағына ілген жоқ, жүзі жайраңдады.
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Отбасы деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Баланың анаға деген сағынышын қалай жеткізер едіңіздер?
Есмағамбет неге баланы қалаға алып кете алмады ?
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Неліктен бала нағашы ата-әжесінің қолында тұрады ?
Неліктен бала анасын сағынады ?
Неліктен Есмағамбет баланы өзіне жақын тартты ?
|
Алдыңғы білім
|
Оқиғаның желісі бойынша мазмұндай алады, кейіпкерлерді біледі.
|
|