Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Мәтіндердегі ақпараттарды болжап, қоғамдағы өзгерістермен салыстырады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Мәтіндердегі ақпараттарды талдап, өмірмен байланыстырады.
Бағалау критерийі
|
Мәтіндердегі тірек сөздерді пайдаланып, жинақы мәтін жазады.
Жинақы мәтін жазуда үндестік заңының емлелік ерекшеліктерін орфографиялық нормаға сай қолданады.
|
Ойлау деңгейі (Блум таксономиясы бойынша)
|
Талдау, жинақтау, бағалау
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, синонимдерді қолданып, мәтінді қайта өңдеп жаза алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Бата беру. Үндестік заңы. Дыбыс үндестігі.
Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
«Ғұмыр жасың ұзақ болсын! Басыңнан бақ, астыңнан тақ кетпесін!
Талқылауға арналған сұрақтар:
Батаның адам өмірінде маңызы қандай?
Батаны қандай түрлерін білесің?
«Батамен ел көгерер» дегенді қалай түсінесің?
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, әдебиет
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Сөз мағынасы. Үндестік заңы. Бата-тілек
|
Құндылықтарға баулу
|
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы: құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |