Сабақ: Қазақ тілі Мектеп : Күні: Мұғалімнің аты-жөні : Сынып: 5



бет4/5
Дата07.10.2022
өлшемі256,9 Kb.
#41773
түріСабақ
1   2   3   4   5
Қолға су құю әдебі
Қолға су құйып, кісіге ас-тағам ұсынудың өзіндік жөн-жосығы бар. Мұнда, «бата - бастан, су - аяқтан» деп батаны төрдегі адамға жасатса, ал су құюды, аяқ жақтан бастайды. Әдетте суды қонақтар тегіс отырып болған соң құяды, бірақ жиын-тойлар мен нәзір-құзырларда адам өте көп болатындықтан суды екі жігіт екі босағадан бастап төрге қарай айналдыра құйып шығады. Кейде есік алдына үлкен леген қойып, қонақтарға үйге кірерде қол жудырып кіргізеді. Ал, адам саны шағын болса, онда бір адам оң босағадан бастап отырған адамдарға түгелдей айналдырып су құйып шығады, тамақ соңында қолға су құю солдан-оңға қарай басталады. Қолды жуғанда сілкімейді, орамалмен сүртеді.
Қазақ салтында дастарханда төмен жақта отырған адамдар өзінен жоғары отырған адамдарға шыны-аяқ алып беру, ас-тағам ұсынуға жауапты болады. Алайда, шыны-аяқ алып беру мен ас-тағам ұсынудың да өзіндік ережесі бар. Мұны әр отбасы ұрпақтарына мұқият ұғындырады, болмаса, өзгелер жағынан «тәрбиесіз, көргенсіз» деген сөгіске қалады. Мысалы, шыны-аяқ алып беріп, ас-тағам ұсынғанда оң қолымен ұсынады, онда да ас ұсынған оң қолдың қарын - сол қолдың сыртымен басып /алақанды жайып қонақ жаққа қаратып/ ұсынады.
Тамақ алудың да, шәй құюдың да өзіндік жөн-жосығы бар. Мысалы, шәй құйған кезде, шәйді үй ішіндегі кісілерге түгел құйып болғанша, барлық адам сабыр сақтап күтіп отырады. Шәй түгел құйылып болған соң, үй иесі: «Астан алыңыздар!» деген соң ғана алады. Себебі, үй иесін көзге ілмегендік болып саналады.
Бұл тәрбие ұрпақтарды тамаша салт-дәстүр қалыптастырып, ізгілікке, адамгершілікке, қонақшылыққа, береке-бірлікке, достыққа жетелеп, перзенттерді әдепті, ибалы болуға баулиды. (230 сөз)


Оқулықпен жұмыс
Жұппен жұмыс.
1-тапсырма. «Бір минуттық әңгіме » әдісі.
(бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру)

1-тапсырма :


Кестеде көрсетілгендей үлгіде сөздер табыңдар.

Үнді дауыссызға аяқталған сөздер


Ұяң дауыссызға аяқталған сөздер


Қатаң дауыссыздарға аяқталған сөздер


Дауысты дыбысқа аяқталған сөздер


ҚБ Смайлик (күлу, ренжу)




Топпен жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет