Сабақ :қазақ тілі Мектеп: «Қосағаш» жалпы орта мектебі Тексерілді: С. Сайлауов. Сынып : 5 ә


Топтық жұмыс.Тыңдалым.1-тапсырма. Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Әр мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз



бет3/7
Дата11.12.2022
өлшемі33,57 Kb.
#56552
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
docx1554395283

Топтық жұмыс.Тыңдалым.1-тапсырма. Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Әр мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз.
Мәтіндегі туынды және күрделі сөздерді анықтаңдар.Кестені толтырыңдар.
«Салыстыр, сосын жауап бер» әдісі
1-мәтін.
Көгілдір өзен жағасында, жап- жасыл көгорай шалғында Ақботақан өмір сүрген екен.Әрине, барлық балалар сияқты ол да қиялдағанды жақсы көретін. Ол күндердің бір күнінде саяхатқа тартып кетуді армандайтын.Сондықтан да таңның атысынан күннің батысына дейін түрлі кітаптарды мектеп кітапханасынан тауып алатын.Сондай-ақ, оның Құлыншақ-Тұлпар, Балапан –Бүркіт, Бала – Барыс сияқты өте сенімді достары бар еді. Ол достарын қасынан, арман –қиялынан еш уақытта қалдырмайтын.
Егер сен, жас дос, Қазақстан деп аталатын елге саяхат жасауды ойға алып жүрген болсаң, сәт сапар!
Достар шағын керуен боп тізіліп,соқпақпен сергек басып келеді.Олар шоқы үстіне шыққанда жолдың үлкен жартасқа тірелгенін көрді.Жартас беті ыстық күнге күйіп, қап-қара боп кетіпті. Сонау күнге тотыққан тас бетіне аспандата көтеріп ту ұстаған салт атты суреті салынған екен. Құдды тірі бейне тәрізді шауып барады. Суретті темір қашаумен тасқа ойып түсірген.Бұл Алматы облысының Тамғалы тастағы сурет еді.Жартастардағы мұндай суретті петроглиф деп атайды. Гректің петра – жартас және глиф – ойып салу деген сөздерінің қосындысынан шыққан атау.Олар біздің елімізде өте көп.
2-мәтін.
Хобби (әңгімеден үзінді)
Сөйтіп жүргенде, мүйізі қарағайдай бір газеттен ауылға тілші келіпті. Жеке шаруашылықтың жұмысын көріп, іс-тәжірибесін басқаларға үлгі етіп жарияламақ. Кезінде Шамшархан бұл қожалықты Машрап теледидар көріп отырғанда, «бас иеміз ғой» деп отағасының атына жаздырған еді. Тілші келіп, Машраптың денсаулығын, хал- жағдайын сұрады.

  • Жұмыс барысында жараландыңыз ба? – деген сұраққа Машрап быдыңдап, сасып, не айтарын білмей:

  • А, жо-о-ғә, не ғып... әлгі... ы-ы-һі, – деп жөткірініп алып, – Төлек, бері келші, жұмыс- тың жағдайын түсіндірші, – деді терге түсіп. Төлек байыппен барлық сұрақтарға жауап беріп отыр. Сол кезде сырттағы шаруаны жайғап, Шамшархан келе қалды.Тілші:

  • Апай, жұмыстарыңыздың жемісті болып жатқанын естіп, сіздер туралы жазғалы келіп жатырмыз. Хоббиларыңыз не? – деді. Шамшархан тосылып қалды.

  • Ешқандай қобдиымыз жоқ, – деді абдырап. Тілш күліп жіберді.

  • Апай! – деді күлкісін тоқтатып, езуін әрең дегенде жиып. – «Хобби» деген адамның сүйікті ісі, көңілі қалаған жұмысы дегендей, – деді жайғап.

Жанар Әбдішова


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет