Өткенді қайталау. Оқушылар оқулықтағы №6 тапсырманы топпен орындайды. Оқушылар тапсырма элементін таңдайды, содан кейін топта әр оқушы тізбек бойынша бір гірден, қосындысында қажет салмақ шыққанға дейін таңдайды.Оқушылар есеп құрастырып оны шығарады.
Оқушылар оқулықтағы №7 тапсырманы орындайды, ғылыми-зерттеулік біліктілік қажет. Оқушылар ұсынылған тапсырма бойынша алма мен алмұрттың салмағын анықтау үшін өз тұжырымдарын ұсынады. Оқушылар өз тұжырымдарын екінші суреттегі оларды 50 гр (100 – 50 гр) гірмен өлшегендіктен, алмұрттың салмағы алманың салмағынан 50 гр артық екенін көрсетеді.Алма мен алмұрттың жалпы салмағы 300 гр. Егер жалпы салмақтан 50 гр (300 г – 50 г) алса, екі алманың салмағына тең шама қалады, және бір алманың салмағы қалған шаманың жартысына тең болады (250г : 2)
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.