Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезені


Елдар: Келіңіздер келіңіздер! Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойын көріңіздер! Жүргізуші



бет6/11
Дата15.03.2023
өлшемі67,65 Kb.
#74710
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Елдар: Келіңіздер келіңіздер!
Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойын көріңіздер!
Жүргізуші: Наурыз тойы, көңіл тойы, көктем тойы,
Жақсылық болса дейтін өмір бойы.
Биылда былтырғыдай ақ көбейсін,
Елдегі бақыт байлық бақ көбейсін.
Наурыз құтты болсын ағаларға,
Наурыз құтты болсын аналарға.
Жыл сайын тойлайтын мәңгі бақи,
Наурыз құтты болсын баршамызға!
Міне, көптен күткен Ұлыстың ұлы күні тыныштық пен бейбіт күннің есігін ашып, Наурыз жаңа жыл келіп жетті. Осындай керемет күні екі ауыл тұрғындарының бастарын қосып тойлағалы едік. Өздері кешіккелі жатыр.
(Музыка әуенімен балалар билеп кіріп отырады)
Жүргізуші: Армысыздар Абай ауылының тұрғындары! Амансыздарма Айсары ауылының тұрғындары! Басқан қадамдарыңыз оң болсын. Бүгінгі біздің «Елді елең еткізген Наурыз келді көктеммен» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер.
- Балалар, мынау сандықты тарсылдатып тұрған кім екен? Ой Алдар көсе сәлеметсізбе!
Алдар көсе: Сәлеметсіздерме! Наурыз құтты болсын!
Жүргізуші: Сандықтың ішіне қалай тап болдыңыз? Әлде байды алдаймын деп өзіңіз алданып қалдыңызба?
Алдар көсе: Жоқ, жоқ сендерді таң қалдырайын дегенім ғой.
Жүргізуші: Алдар көсе бүгін Наурыз мерекесін тойлап жтырмыз. Біздің мерекемізге екі ауыл тұрғындары келіп отыр, сізде төрлетіңіз мерекені тойлайық.
Жиналдық наурыз тойға бәрімізде
Үлкен кіші жасымыз кәрімізде.
Ән мен күйді жыр мен биді шалқытып,
Өнерлерін інжу маржан шашайық – деп отырып бүгінгі ертеңгілігімізді тақпақтардан бастайық.
Әлімхан: Қазағым наурызың құтты болсын,
Көтерген шаңырағың биік болсын.
Тілектері ұлтымның қабыл болып,
Жақсылығын бір алла иіп тұрсын.
Наурыз тойы – ақ батаның бастауы,
Береке мен бірліктің жалғасуы.
Жеті түрлі қасиетті дәмменен,
Байтақ елдің бір толады астауы.
Айгерім: Наурыз келіп көктем сазы білінер,
Ойнап күлген жас балалар жүгірер.
Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,
Наурыз ай шаттықпенен нұр берер.
Гүл шығып дала жайнап құлпырған,
Далам қандай тамаша еді ән тұнған.
Бусап жатыр далам бүгін терлене,
Баурайыңнан қары кетіп құрсанған.
Мади: Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Бидай, күріш тары бар,
Бар сүт ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырзығы.
Сабина: Құрт бауырсақ шашылсын,
Наурыз тойы ашылсын.
++
Бір бірінен мына жұрт,
Өнерлігін асырсын.
Думандасын дархан жерім,
Күмбірлесін күй төгіліп.
Наурыз тойы құтты болсын,
Қонақ жайлы жомарт елім.
Қазбек: Күреп алтын күрекпен,
Қарды ерітті наурыз.
Жатыр көктем түлеткен,
Бүрлеп бақша бауымыз.
Ұлы күні ұлыстың,
Күн менен түн теңелген.
Тәтті дәмді ырыстың,
Таттық наурыз көжеден.
Аружан: Бусанып жерім бай, төсінде шалқып ән,
Наурыз көңілді ай, шаттығы шалқыған.
Ойнаймыз шаттана, ішеміз күнде айран,
Балаға қартқа да, ортақ қой бұл мейрам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет