Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезені


Ата: Әй бәйбіше,бүгін немеремізге азан шақырып ат қояйық. Жаңа барып көрші Думан ақсақалды шақырып келдім. Әже



бет9/11
Дата15.03.2023
өлшемі67,65 Kb.
#74710
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ата: Әй бәйбіше,бүгін немеремізге азан шақырып ат қояйық. Жаңа барып көрші Думан ақсақалды шақырып келдім.
Әже: Дұрыс айтасың шал.
Думан ақсақал: Асалаумұғалейкум!
Ата: Уағалейкум ассалам! Төрлетіңіз! Немеремнің атын қоюды ақсақал сізге жолдап жатырмын.
Әже: Әй келінжан, немеремді ақсақалдың алдына әкел.
Ақсақал: Сенің атын Наурызбек,
Сенің атын Наурызбек,
Сенің атын Наурызбек! 
Әкеңнің аты Қадірбек,
Атаңның аты Иманбай,
Анаңның аты Айғаным!
- Ал енді батамды берейін:
Бөбектің бауы берік болсын,
Өскен сайын өрелсің.
Еш жамандық көрмесін,
Жасы ұзақ, мың болсын. Әумин
Ата: Әмин айтқаныңыз келсін.
(Музыка залына әже кіреді)
Әже: Сәлеметсіздерме! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! (Шашу шашады)
Жүргізуші: Сәлеметсізбе әже! Біздің мерекемізге қош келдіңіз, төрлетіңіз үстел басына жайғасып отырыңыз.
Камила: Наурыз жауын, наурыз сән,
Әсем әуен сазды ән.
Қыз боз бала қыдырған,
Жасыл желек жамылған.
Наурыз самал, наурыз жел,
Қалың орман ұйқысынан оянған.
Сағыныш пен қауыштырған жұптарды,
Жылдың басы он екі айдан тоғысқан.
Даниал: Наурыз күні той думан,
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжу маржан шашайық.
Жақсылыққа бас болып,
Алдымызға ас болып.
Келген наурыз құт болсын,
Берері тағы мол болсын.
Арлан: Құтты болсын наурыз,
Жалқаулық қас жауымыз.
Дала толып егінге,
Малға толсын тауымыз.
Құтты болсын наурыз!
Қалдырмасын қауіп із.
Бейбітшілік жолында,
Болмасын еш дауымыз.
Әже: «Бесікке салу» рәсімін көрсетті
Жүргізуші: Өлең сөздің патшасы ән сарасы,
Елдің көңілін көтерер ел данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Назар қойып тыңдаңдар ән жолдауын.
Ән: «Наурызым мерекем»
Жүргізуші: Балалар наурыздың ең басты тағамы қандай тағам?
- Наурыз көже неше түрлі дәмнен жасалады? Ендеше наурыз көженің қалай дайындалатынын ортаға шығып Айгерім айтып береді.
Айгерім: 7 деген сан киелі сан. Қазақ киелікке ырымшылыққа аса мән берген. Наурыз көже жет түрлі дәмнен жасалады: оған қойдың басы, сүт, езілген малта құрт, бидай немесе тары, күріш сияқты дақылдар қосады.
Жүргізуші: Рахмет саған Айгерім, енді наурыз көженің қалай дайындалатынын білдік.
Сымбатты да өнерлі,
Қайратты да жігерлі.
Біздің топтың балалары,
Қара жорға билейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет