Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезені


Ән: «Әз наурыз» Алдар көсе



бет7/11
Дата15.03.2023
өлшемі67,65 Kb.
#74710
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Сценарий на 22-марта "22-наурыз Ұлыстың ұлы күні" детский сад

Ән: «Әз наурыз»
Алдар көсе: Ей балалар, балалар,
Енді маған қараңдар.
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.
- Қане екі ауыл тұрғындарының жігіттерінің күштерін сынап көрейік.
Ойын: «Арқан тарту»
Алдар көсе: Рахмет! Екі ауылдың жігіттерінің күштері мықты екен. Енді мен барып басқа ауыл тұрғындарын құттықтауға барайын. Қош сау болыңыздар.
Жүргізуші: Ертеңгілігімізді тақпақтармен жалғастырайық.
Алмат: Алтын күн шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думанмен басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ жеріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған.
Жаңа жылым келіп жетті аңсаған,
Басқа ұлттар мен татулыққа жар салған.
Дәстүріммен мақтанамын елімнің,
Мен қазақ деп дүниеге жар салам.
Эмир: Қарды ерітті жылғасы,
Наурыз келді жыл басы.
Шуақ төкті жарық күн,
Мейрамында халықтың.
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Нермин: Әнімде саған биімде,
Құт қонақ өзім үйімде.
Қуаныш әкеліп үйіме,
Күлімде наурыз күлімде.
Ерназар: Ал балалар тұрмайық,
Ойнайықта ойлайық.
Күні-түні он үш күн,
Наурыз тойын тойлайық.
Н.Аружан: Наурызда күлімдеп, күн нұры төгілді,
Өзгеше бүгін леп, желпіндер көңілді.
Жылғалар былдырлап, тыншуды білмейді,
Сырғасы сылдырлап, тал қайың бүрледі.
Жүргізуші: Наурыз тойында өнерлі адамдар өз өнерлерін көрсетеді. Міне біздің арамызда да өнерлі ақындарымыз бар екен. Айсары ауылынан келген Дильназ атты ақынымыз бен Абай ауылынан келіп отырған Алмат атты ақындарымызды қошеметпен қарсы алайық.
Айтыс:
Екі ақын: Оу, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық.
Дильназ: Айтысуға өзіңмен,
Шығып тұрмын алдыңа.
Айсары ауылынан келген,
Дильназ ақын мен болам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет